Жаңалықтар

Заң мен тәртіп: Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері студенттермен кездесті

Заң мен тәртіп: Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері студенттермен кездесті
Фото: Видеодан кадр 21.12.2024 14:54 98

Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Turan-Astana University және Astana International University студенттерімен кездесулер өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесулерде 2-4 курс студенттері қаржылық мониторинг органдарының мақсаттары, міндеттері және негізгі қызметі туралы біле алды.

ҚМА өкілдері қызметтің артықшылықтары мен осы саладағы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Іс-шара барысында жастардың қаржылық қауіпсіздіктің маңызды тақырыптары талқыға салынды. Соның ішінде алаяқтардың құрбаны болмау және дроптардан аулақ болу бойынша кеңестер берілді.

Мұндай іс-шаралар құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қаржылық қауіпсіздік саласындағы заманауи сын-қатерлерге тиімді қарсы тұра алатын мамандардың жаңа буынын тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

Агенттік тәжірибесіндегі нақты жағдайларды талқылау студенттерге қаржылық мониторинг органдарының заңдылық пен тәртіпті сақтауға бағытталған жұмысын тереңірек түсінуге бірегей мүмкіндік берді.

Қаржылық мониторинг агенттігі еліміздің қаржы жүйесінің алдында тұрған сын-қатерлерге дайын білікті мамандарды даярлауға өз үлесін қосып, оқу орындарымен белсенді ынтымақтастықты жалғастыруда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға