"Зан мен Тәртіп": Ауылдар алкоголь саудасынан бас тартып жатыр
06.12.2025 14:40
Фото:
©El.kz
Мемлекет басшысының «Зан мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Осакаров ауданы прокуратурасының бастамасымен 50 кәсіпкер сағат 18:00-ден кейін алкоголь өнімін сатудан ерікті түрде бас тартты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұдан бөлек, ауданның 11 ауылы алкоголь саудасынан мүлде бас тартқанын ерекше атап өткен жөн.
Бұл қадам - мемлекеттік органдардың, бизнестің және қоғамның ортақ қауіпсіздік жолында күш біріктіруінің, үйлесімді іс-қимыл қағидатын жүзеге асыруының айқын көрінісі.

