Заң мен тәртіп: Атырауда 19 жастағы жігіттен 40 млн теңгенің вейпі тәркіленді
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
17.12.2024 12:10
Фото:
Видеодан кадр
Полиция 19 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол вейптерді сақтап, сатумен айналысқан. Тергеу барысында күдіктінің тыйым салынған құрылғыларды курьерлер арқылы жіберіп отырғаны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тінту кезінде қаладағы дүкендердің бірінде шамамен 3 мың дана вейп сақталған қойма табылды. Тәркіленген тауардың жалпы құны 40 млн теңгеден асады.
Қазіргі уақытта бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тыйым салынған өнімді саудалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң жауапкершілікке әкеп соғады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

