Жаңалықтар

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары өмірден өтті

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары өмірден өтті
Фото: "Уақыт көрсетеді" кадры 22.11.2024 10:26 10143

Қазақтың белді азаматы, танымал саяси тұлға Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы марқұмның қызы Құралай Нұрқаділова өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Бүгін түнде еліміз үшін үлкен тұлға болған адам өмірден өтті. Заманбек Нұрқаділовтің қалыптасуы жолында оның серігі болған, жанынан табылған әйел. Ақылды, білімді және саяси сауатты, сөйте тұра өте қарапайым әрі зиялы Нұрбике Ілімбайқызы бақилыққа аттанды. Анам туралы көп айтуға болады. Осы уақыт аралығында ол КСРО заманындағы және одан кейінгі ел туралы көп мағлұмат айта алушы еді. Көптеген жас саясаткерлер анамның мақұлдауынан өтетін. Ол тарихи фактілерді өз көзімен көрген, оны керемет қызықты етіп баяндайтын. Анамды білетіндер оның даналығына тәнті болатын.

Иманды бол, анашым, мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым, - деп жазды Құралай Нұрқаділова.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Куралай Нуркадилова | Психолог Миллионеров №1 (@kuralaiofficial)

Айта кетейік, бұған дейін Заманбек Нұрқаділовке арналып берілген аста президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың хаты оқылып, саяси тұлғаға арнап ескерткіш орнату туралы тапсырма бергені мәлім болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға