
|
"Үлкен мәлімет"
Қазақстанның түрлі өңірлерінде түсірілген 7 суреттен тұратын сериялық жұмыс
Мен сурет өнеріне қалай келдім? Ауылда өскен бала суретші мамандығынан қызық ештеңені білмеді деуге де болар. Қалаға келіп, біраз уақыт өткеннен кейін, суретшіден де қызықты мамандықтар бар екенін білдім. Мен жалғыз мысал емеспін, мен сияқтылар көп. Университетті тәмамдайтын жылы ауылға барғанымда мен кеткелі ештеңе өзгермегенін көрдім. Сол баяғы мен оқыған кезгі әңгіме, әзіл-қалжың. Оқушылардың ой қорытуы, түсінігі мен білім деңгейі де бәз баяғыдай. Прогресс жоқ. Ол кезде интернет ауылға жете қоймаған еді. Егер олар теледидардан өздеріне қызықты мәліметті ала алса, ой-өрістері де өзгеше болар ма еді?! Бұл жұмыс менің сол кездегі жанайқайым, дұрыс ақпарат бермейтіндерге деген қарсылығым болатын. Себебі ауылға барсаңыз, теледидарда көргеніңізге кереғар басқа әлемді көресіз. |

|
"Сананың өмірі"
Бұл менің жақсы көретін жұмыстарымның бірі. Оған қарап, мен табиғаттан тыс, уақытқа тәуелсіз, дана әрі күшті әлдененің барын сеземін. Сол әлдене маған осы туынды арқылы қарап тұрғандай.
|

|
"Нышандарды қарсы ала"
Үш картинадан тұратын композициялық туынды (триптих).
Өмірдің "соңы мен басы", жоғалудан қайта тууға дейінгі жол. Бұл жұмыстың сюжеті бар, бірақ ол әркімде әрқилы. Менде өзімдікі, көрерменде өзінікі. Көрерменге суреттерімнің тарихын саралауды өздеріне қалдырғым келеді. |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |

|
"Бірлік"
Біздің суретшілердің арасында ауызбіршілік жоқ. Бірнеше топтарға бөлінген немесе өз шеберханасының айналасынан шықпайтын суретшілер көп. Бұл мәселе "Бірлік" атты инсталляцияма арқау болды. Қазақстанның өнерін дамытамыз дейміз, бірақ бірлік болмаса ештеңе өнбейді. Суретшілерге бірлік керек! Қазақстандықтар сурет өнеріне қызығып, туындыларға тура баға беруі үшін мәдениеттің деңгейін бірге көтеруіміз керек.
|
