Жаңалықтар

Заңсыз көші-қонға қарсы күрес мәселесі талқыланды

Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның өңірлік директоры Аргентина Сабадошпен өткен кездесу.
20.09.2016 06:15 3618

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Еуропа және Орта Азия бойынша Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның өңірлік директоры Аргентина Сабадошпен кездесті.

Заңсыз көші-қонға қарсы күрес мәселесі талқыланды 

Кездесуге қатысушылар адам саудасына және заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықтың жалпы мәселелерін талқылады.

Министр Қазақстандағы осы бағытта жасалып жатқан шаралар туралы ақпарат беріп, елдегі көші-қон ахуалымен таныстырды. ІІМ-нің ХКҚҰ-мен бірлескен жобалары туралы айтты.

Қатысушылар ынтымақтастықты одан әрі жандандыру туралы пікір алмасып, адам саудасының құрбандарына көмек көрсету, адам саудасына қатысты қылмыстардың алдын алу, тергеу мақсатында ақпарат алмасу, сондай-ақ профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері қамтылды. 


Алмас САУДАМБАЙ 

              

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға