Жаңалықтар

Өз үйім болса ғой...

«Кедергісіз келешек»
20.07.2016 10:25 9478

Бүгін елордада «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған семинар-тренинг өткізді. Шара партияның «Кедергісіз келешек» жобасының аясында жүзеге асты.

Өз үйім болса ғой...

Астана қалалық  Балалар психоневрологиялық медициналық – әлеуметтік мекемесінің 20 тәрбиеленушісі орталық саябақта жас суретші Жеңіс Молдабековпен бірге сурет салды. Арт-терапия барысында оларға өз тәрбиешілері мен тәжірибелі психологтар көмектесті.

Өз үйім болса ғой...

Балалар психоневрологиялық медициналық – әлеуметтік мекемесінің тәрбиешісі Ольга Ландистің айтуынша, интернатта 3 жас бен 18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балалар оқиды. Ал, бүгінгі арт-терапияға  14 жас пен  18 жас аралығындағы, яғни, өз бетінше еңбек ете алатын ересектеу балаларды әкеліпті.

Өз үйім болса ғой...

«Біздің орталыққа арнайы мамандар апта сайын келіп, арт-терапия сабақтарын өткізеді. Арт-терапия балалардың психикасына жақсы әсер етеді, оларды тыныштандырады. Жалпы, біз тәрбиеленушілерімізді М. Монтессори технологиясымен де оқытамыз. Сонымен қатар, театр терапиясы, агротерапия сабақтарын өткіземіз. Қыста жылыжайда, жазда бақшада жұмыс істеп, балақайларды еңбекке баулимыз. Дәрігерлер бізге қай баланың не нәрсеге бейімі бар екенін айтады. Сол бойынша біз оларға терапия түрін таңдаймыз» дейді Ольга Ландис.

Өз үйім болса ғой...

Бұл суретті 18 жастағы Луиза Сафарова салған. Ол болашақта суретші болғысы келеді. Өз арманына жету үшін Луиза күн сайын кинофильмдер мен мультфильмдердің кейіпкерлерін бейнелеп, жаттығады.

Өз үйім болса ғой...

Луиза – cолақай. Ол солақай адамдардың арасынан көптеген әлемге әйгілі өнер адамдары шыққанын жақсы біледі. Өзі сол кісілерге ұқсағысы келеді. Ал, оның өмірдегі ең басты арманы – туғалы көрмеген ата-анасын табу.

Өз үйім болса ғой...

Шараны ұйымдастырушылардың бірі, Алматы аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Гайдар Хасенов партияның мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шараларды жылына 4 мәрте ұйымдастыратынын айтты. «Мұндай іс-шаралар мүмкіндігі шектеулі балалардың проблемасына қоғам назарын аудару үшін қажет» деді ол.

Өз үйім болса ғой...

Бұл – балақайларға сурет салудан шеберлік сағатын өткізген жас суретші Жеңіс Молдабеков. Ол балалармен жұмыс істеуге әрдайым қуана-қуана келіседі. Жас суретші балаларды қорғау күнінде қаладағы әскери-тарихи музейде мүмкіндігі шектеулі балалармен бірге сурет салған екен. Ал, бүгін  ол өзінің жас достарына орталық саябақтағы көпірдің көрінісін қалай салу керектігін үйретіп жатыр.

Өз үйім болса ғой...

«Мұндай шеберлік сабақтары балаларға пайдалы деп ойлаймын. Олардың түстерді сезіну және ажырату қабілетін арттыруға көмектеседі. Балаларды арасында «керемет суретшісің!» деп мақтап қойсаң, одан сайын шабыттанып, қиялға ерік береді.

Өз үйім болса ғой...

Мінеки, көз алдыңызда бір балақай картинама күзгі ағаштардың суретін салып кетті. «Сенің туындыңа жетпей тұрғаны осы еді» дегендей, бір штрих қосты. Бұл да – еңбек. Біз мүмкіндігі шектеулі балалардан «суретті айнытпай көшіріп сал!» деп талап ете алмаймыз. Олардың сурет салуға талпынғанының өзі – үлкен жетістік.

Өз үйім болса ғой...

Маған балалармен жұмыс істеу өте қызық. Сондықтан, осындай шараларға қатысуға ұсыныс түссе, бірден келісемін» дейді Жеңіс.

Ең қызығы, суретші саябақтың көрінісін бейнелеп жатқанда, балалардың көбі үйдің суретін жарыса салып жатты. 

Өз үйім болса ғой...

Тек біреулер оны ақшыл түстермен, енді бірі қоңырқай түспен бояды.

Өз үйім болса ғой...

Түстер – балалардың көңіл-күйі.

Өз үйім болса ғой...

Ольга Ландис тәрбиеленушілерінің үйдің суретін салғанды ерекше жақсы көретінін айтты. «Олардың әрқайсысы іштей «өз үйім болса ғой!» деп армандайды» деп күрсінді тәрбиеші...


Роза ӘРЕН

Суреттерді түсірген – Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға