Жаңалықтар

Қызылордада күзетшіге тіл тигізген «прокурордың әйелі» жауапқа тартылады

Күзетшілерге қоқан-лоқы көрсеткен келіншектің кім екені анықталды
Қызылордада күзетшіге тіл тигізген «прокурордың әйелі» жауапқа тартылады
Фото: baribar.kz 20.07.2022 13:31 2007

Әлеуметтік желіде өзін «Қызылорда облысы прокурорының әйелімін» деп таныстырып, күзетшілерге қоқан-лоқы көрсеткен келіншектің кім екені анықталды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы полиция басқармасына жеке серіктестіктің күзет қызметкері шағым түсірген.

15 шілде күні сағат 14:00 шамасында ғимаратқа келген жас әйел күзетшілерге дөрекі сөздер айтып, балағаттағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы өтініш жазған.

«Әл-Фараби аудандық полиция бөасқармасының қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтады. Ол 1984 жылы туған жергілікті тұрғын, бұрын азамат Д-мен тұрмыста болған (прокуратура қызметкері емес). Қазіргі уақытта азаматша ресми түрде ешкіммен некеде тұрмайды. Соңғыға қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға