Жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ ҚХА АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ ҚХА АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
28.12.2018 12:42 1929

Қызылорда қаласындағы Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының актив отырысы өтті.

Отырыс модераторы – облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова 2018 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, келер жылдың жоспарлары мен басым бағыттарымен бөлісті.

Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов аймақтағы қоғамдық келісім мен этносаяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін бірқатар қоғам қайраткерлеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалін, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық медалін, құрмет грамотасын, «Қоғамдық келісім» РММ алғыс хатын табыс етті.

Сонымен қатар, этномәдени бірлестіктер өкілдеріне естелік сыйлықтар табыс етілді.

Салтанатты бас қосу мерекелік ән шашумен аяқталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға