Қызылордада «Қазақтану» жобасын жүзеге асырудағы Аналар кеңесінің рөлі талқыланды
04.10.2018 07:31
Бүгін Қызылордадағы Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібіне «Қазақтану» жобасын жүзеге асырудағы Аналар кеңесінің рөлі мәселесі шығарылды.
Дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылған бұл шарада «Қазақтану» жобасы негізінде дәстүрлі қазақ тәрбиесі мәселелері талқыланып, қоғамдағы, отбасындағы ұлттық құндылықтарды насихаттау, оның ішінде Аналар кеңестері отырыстары мен іс-шаралары шеңберінде оларды жүзеге асыру мәселелері пысықталды.
Шараның соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы негізінде салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды насихаттап, көрмеге өз үлесін қосқан бір топ қолөнерші марапатталды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады


