Жаңалықтар

Қызылордада алғаш рет жас отбасылар арасында байқау өтті

Қызылордада алғаш рет жас отбасылар арасында байқау өтті
31.05.2019 11:27 2599

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен тұңғыш рет  «Берекелі шаңырақ-2019» жас отбасылар арасындағы облыстық байқау өткізілді. Байқауға 35 жасқа дейінгі 6 отбасы қатысуға ықылас білдірді, олардың арасында интернационал отбасылар да болды.

 MW6A6862.JPG

Байқау үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезең, «Отбасы болу да – өнер» кезеңінде әр отбасы өздерін жан-жақты таныстырды. Екінші кезең, «Өнерлі өрге жүзерде» отбасылар өз өнерлерін көрсетті. Үшінші кезең, «Сұрақ-жауапта» байқауға қатысушылар өз кезектерімен экраннан ұяшық таңдау арқылы отбасы құндылықтары және салт-дәстүрлеріне байланысты сұрақтарға жауап берді.

MW6A6852.JPG

Байқау қорытындысы бойынша Қармақшы ауданына қарасты ІІІ Интернационал ауылынан келген Бадаевтар отбасы жеңімпаз деп танылды. Қызылорда қаласының Белкөл поселкесінен келген Итемгеновтар отбасы ІІ орынды иемденді. Шиелі ауданының Керделі ауылдық округінен келген Шыныбековтер отбасы ІІІ орынға табан тіреді. Жүлделі орын иегерлері Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

MW6A6838.JPG

Айта кетейік, Жеңімпаз отбасы қыркүйекте елордада өтетін байқаудың республикалық турында Қызылорда облысының атынан өнер көрсетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға