Жаңалықтар

Қызылорда жастары 2019 жылды қорытындылады

Қызылорда жастары 2019 жылды қорытындылады
23.12.2019 18:21 2233

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының ұйымдастыруымен «Жастар жаңғыру жолында» қорытынды іс-шарасы өтті.

Шарада облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары Ильдар Гафуров жыл бойына атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Қызылорда жастары 2019 жылды қорытындылады

«Облысымызда Жастар жылын атап өту бойынша облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы жол картасын бекітті. Оған сәйкес облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар ресурстық орталығы, «Jas Otan» жастар қанатымен бірігіп түрлі бағыттағы жұмыстар атқарылды.

Олардың ішінде өңірімізде этносаралық татулық пен бірлікті насихаттауға бағытталған «Сыр елі -достық мекені» жобасы, қайырымдылық акциялары, Қазақстан халқы Ассамблеясының бағыт-бағдарын, қоғамдық келісім мен бірліктің маңызын насихаттау мақсатында оқу орындарында, түрлі этнос жастары арасында кездесулер өткізілді.

Қызылорда жастары 2019 жылды қорытындылады

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында патриоттық-тәрбиелік мәні зор кездесулер, ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар кезең-кезеңімен ұйымдастырылды. Сондай-ақ жастар үшін өз туған жерінің төл тарихын тану мақсатында «Ұлы Дала Елі» тарихи-танымдық экспедициясы өтті.

Жастар жылы аясында жыл басынан бері облыста 75 іс-шара ұйымдастырылып, оған 10 000-нан астам жас қамтылды.

29 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІ сессиясында облыстық ассамблеяның өкілі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы штабының көшбасшысы Евгений Демиденко спикер ретінде сөз сөйледі.

«Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Өйткені Евгений Елбасы және Президент алдында сөз сөйлеген ең жас спикер ретінде ассамблея тарихында мәңгі сақталады», деп хабарлады облыстық Ассамблея.

Этнос жастарының басын біріктіру мақсатында жыл сайынғы дәстүрге айналған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Жаңғыру жолы» ЖҚ белсенділер слеті өткізілді. Оның барысында жастар семинар-тренингтер мен шеберлік сыныптарында дәріс алды. Өзара ұлттық спорт түрлері бойынша сынға түсті.

Қызылорда жастары 2019 жылды қорытындылады

Облыстық ҚХА-ның «Бейбітшілік пен келісім формуласы: бірлік және жаңғырту» атты XXII сессиясы өтті. Оның барысында «Жаңғыру жолы» ЖҚ мүшесі, Қармақшы ауданы ІІІ Интернационал ауылындағы №108 орта мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі Аида Мутиева, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының көшбасшысы Константин Луца сөз сөйлеп, бірқатар ұсыныс жасады.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен «Қайырымдылық керуені» жобасы аясындағы күзгі тал егу экологиялық акциясы өтті. Оның аясында «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, этномәдени бірлестік жастары облыстық балаларға арналған аурухананың ауласына 200-ден аса тал отырғызды.

«Жаңғыру жолы» жастарының бастамасымен жыл бойы жүзеге асырылып жатқан жобалар мен бағдарламаларды насихаттау мақсатында арнайы бейнероликтер түсірілді. Атқарылған іс-шаралар туралы БАҚ беттерінде 70-тен астам мақалалар мен пікірлер жарық көрді.

Жастар жылының қорытынды іс-шарасы ретінде жыл соңына дейін «Жаңа толқын жобалары» атты жастар арасындағы әлеуметтік жобалар байқауы өтті. Оның мақсаты – облыстағы жастар саясатын дамытуға бағытталған тың идеялар мен жобаларды қолдау, жастарды ізденуге және бос уақыттарын өткізудің тиімді, әрі белсенді формаларын іздеуге тарту мен ынталандыру.

И. Гафуров әріптестік бағытта жастар қозғалысының жұмысын жүйелі жүргізуге атсалысып, белсенділік танытқан оқу орындары мен мекемелерді марапаттады.

Қызылорда жастары 2019 жылды қорытындылады

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға