Жаңалықтар

Қызылорда облысының ҚХА: Біз билік сабақтастығының куәгеріміз

Қызылорда облысының ҚХА: Біз билік сабақтастығының куәгеріміз
16.04.2019 00:00 2073

Қызылорданың Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы активінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. «Сайлау-тұрақты дамудың кепілі» тақырыбында өткен басқосуға облыстық этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, облыстық ҚХА құрылымдары қатысты. Дөңгелек үстел модераторы – облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Төрешова Ляйля Бегалықызы мәлімдеме жасады:

«9 маусымдағы Президент сайлауы еліміздің қазіргі саяси өміріндегі ең маңызды оқиға болып табылады. Ең алдымен Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл сайлау өткізу туралы қабылдаған шешімі Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізген саяси бағытының дұрыстығы мен тұрақтылығын білдіреді.

Біз Қазақстанның тұрақты даму жағдайындағы билік сабақтастығының куәгеріміз. Осы жағдай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегінің жемісі деп білеміз.

9 маусымда Қазақстан халқы Елбасы бағдарламаларын ұтымды жүзеге асыру арқылы қол жеткізетін гүлденген болашақ пайдасына және елдегі тыныштық пен бейбітшілікке таңдау жасайды деп сенемін». 

Дөңгелек үстел отырысында қатысушылар қызу пікір алмасып, Тұңғыш Президенттің қазақстандық бірлік үлгісі мен этносаралық келісім жөнінде сөз қозғалды. 

Мезгілінен бұрын өткізілетін сайлау, мемлекеттің тарихи даму бағытының тұрақтылығы туралы нақты, әрі тұшымды әңгімелер айтылды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға