Қызылорда облысында есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
17.10.2022 19:08
Фото:
Polisia.kz
Қызылорда облысында есірткінің ірі партиясын сақтағаны үшін тұрғын ұсталды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Қарасора-2022" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Қызылорда облысы ПД ЕҚҚІҚБ, ҚР Ұлттық ұланның "Бүркіт" АЖ және Жаңақорған АПБ-нің қызметкерлері бірлесіп, облыс тұрғынының тұрғылықты жерінен 84 дана сіріңке қораптарына салынған салмағы 359 гр. "кептірілген марихуана" анықталып, оқиға орнында ұсталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

