Қызылорда облыстық түрік этномәдени орталығына - 15 жыл
Қызылорда облыстық түрік этномәдени орталығына биылғы жылы он бес жыл толады. Осы орайда орталықтың төрайымы Гульчин Гейдаровамен сұхбаттасқан болатынбыз.
Гульчин Гейдарова – Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, қоғам белсендісі, үлгілі ана, сыйлы әріптес.
— Гульчин Ансерқызы, орталықтың құрылу тарихымен бөлісе отырсаңыз.
— 2004 жылдың желтоқсанында Қызылорда қоғамдық түрік ұлттық-мәдени орталығы құрылып, 2013 жылы Қызылорда облыстық түрік этномәдени орталығы болып өзгертілді.
Биыл орталыққа он бес жыл толады.
— Орталықтың жұмысына қандай міндеттер кіреді?
— Орталықтың мақсаты – елімізде ұлтаралық келісімді нығайту, Қазақстан халқының мәдениетін жан-жақты өзара байыту, түркілердің салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпы мен мәдениетін сақтау және дамыту, жастарға патриоттық тәрбие беру болып табылады.
Сонымен қатар, орталықтың қызметінің негізгі бағыттарына Қазақстан мен Түркия арасындағы жан-жақты мәдени байланыстарды дамытуды қоса алғанда, Қазақстан халқының этникалық мәдениетін, оның ішінде қазақ және түрік мәдениетін жан-жақты өзара байытуға жәрдемдесу; түрік ұлтының тұлғалары арасында мәдени-ағартушылық қызметті жүзеге асыруға қатысу, түрік халқының тарихын зерделеу, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін сақтау және дамыту; Қазақстан этностарының өкілдерін түрік халқының тарихына, мәдениетіне, өнеріне тарту; мемлекеттік тілді үйрену кіреді.
Қазақстанда тұрып жатқан этностарға туған тілін, ұлттық рухын, мәдениетін, тарихын ұмытпай, оны сақтап, одан әрі дамытуға мүмкіндік беріп отырған Елбасының еңбегі зор. Мұндай ізігілікке иелік ету – үлкен бақыт.
Сұхбаттың толық нұсқасын осы жерден оқыңыз