Жаңалықтар

Қыздарды қорғаймын деп қаза тапқан майор

Бейбіт күннің батырлары
24.05.2016 10:12 3458

            Қыздарды қорғаймын деп қаза тапқан майор       Өткен жұмада Алматыда ҚР Қорғаныс министрлігінің майоры Асқар Қылышев ерлікпен қаза тапты.

Жұмыстан кейін такси тоқтатып тұрған Асқар әлдебір екі бұзақының екі бойжеткенге тиісіп тұрғанын көреді. Бірден қыздарды қорғамақ болып ұмтылғанда майор оқиғаның қайғылы жағдаймен аяқталарын сезбеген-ді. Бұзақылар пневматикалық қарумен атқанда, оқ оның мойын тұсы мен ішіне тиеді. Ауыр жарақат алған майор тілге келместен көз жұмған. Күдіктілер қамауға алынып, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Бұл оқиға Алматы қаласында болды. Майор ол жақта іссапармен жүрген. Жұмыс уақытынан тыс кезде анасына бармақшы болып жиналған екен. Бұзақылар оған пневматикалық қарудан екі мәрте оқ атқан.

Асқар Қылышевті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 22 мамырда өтті. Біз оның отбасына материалдық жағынан көмек бердік. Алдағы уақытта да қолдау көрсетеміз» деді ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Жанар Колбачаева.

Асқар Қылышевтің артында жары мен үш баласы қалды. Ол көзі тірісінде хоккеймен шұғылданған екен. Достары Асқардың мұз үстінде ғана емес, былайғы өмірде де батыл, ержүрек азамат болғанын айтады.


Роза СЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға