Юлия Путинцева Римде өтіп жатқан турнирді сәтті бастады
07.05.2024 22:00
Фото:
sports.kz
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (әлемнің 41-ракеткасы) Италияның Рим қаласында қаласында өтіп жатқан Masters сериясы турнирінде алғашқы кездесуін сәтті аяқтады, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз корт иесі Мартина Тревизанға (WTA нөмірі 87) қарсы ойнап, екі сетте 6:3, 6:4 жалпы есебімен жеңіске жетті. Ойын турнирдің 1/64 финалы кезеңінде өтіп, 1 сағат 44 минутта аяқталды.
Айта кетейік, келесі кездесуде Юлия Путинцева америкалық Слоун Стивенске қарсы ойнайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

