ҚР ҰОК

Юлия Путинцева Аустралиядағы WTA 500 турнирін жеңіспен бастады

Теннистен Қазақстан құрамасының спортшысы Юлия Путинцева Аделаидада (Аустралия) өтіп жатқан WTA 500 санатындағы ірі турнирдің алғашқы кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Путинцева алғашқы кездесуін әлемнің 19-шы ракеткасы хорватиялық Донна Векичке қарсы өткізді.

Кездесу екі сетке созылды. Қорытынды есеп – 6:2, 6:3.

Енді қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы Даниэль Коллинз (АҚШ) пен Онс Жабердің (Тунис) арасындағы матчтың жеңімпазы болады.