Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Юлия Галышева АҚШ-тың Уотервилл қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортшы параллельді могулда сәтті өнер көрсетті. Галышева жартылай финалға дейін жетіп, сол жерде франциялық Перрин Лаффонға есе жіберді.
Үшінші орын үшін өткен жарыста қазақстандық спортшы канадалық Майя Швингхаммерден басым түсті.
Алтын медальді Перрин Лаффон жеңіп алса, екінші орынды АҚШ спортшысы Джейлин Кауф иеленді.
Анастасия Городко тоғызыншы орынға табан тіресе, Аяулым Әмренова 29-шы нәтижені көрсетті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

