Жаңалықтар

Қытайлар 2018 жылы Айдың арғы бетін бағындырмақ

Қытай ұлттық ғарыш басқармасы 2018 жылы Айдың «қараңғы жағына» ұшқышсыз басқарылатын ғарыштық аппарат жібереді.
27.01.2016 10:59 6558

Тарихы мыңжылдықтарға ұласқан, миллиардтан астам халқы бар алып Қытай озық ғылым мен технологияны еркін меңгеріп, дамудың таптырмас үлгісін көрсетіп отыр. Аспан асты елі бүгінде әлем әлеуетін аузына қаратты. Қытай халқы жер шарындағы Айдың арғы бетін бағындырған тұңғыш ел болуы бек мүмкін. Аспан асты елінің ақпарат құралдарының хабарлауынша, Қытай ұлттық ғарыш басқармасы 2018 жылы Айдың «қараңғы жағына» ұшқышсыз басқарылатын ғарыштық аппарат жібереді.

Қытайлар 2018 жылы Айдың арғы бетін бағындырмақ«Чанъэ-4» деп аталатын аппарат ғарыш сапарына 2018 жылы аттанады. Бұл оқиға ғарыш саласы тарихындағы тұңғыш қадам болады. Ұшу аппараты алғаш рет ғаламшардағы спутниктің келесі бетіне қонатын болады», – дейді Қытайдың Айды зерттеу орталығының басшысы Лю Цзичжун.

Айдың «қараңғы жағы» деп күн сәулесі түспегендіктен емес, керісінше өте аз зерттелгендіктен аталса керек. Тарихи дереектерге жүгінсек, 1959 жылы Кеңес Одағының «Луна-3» деп аталатын ғарыштық аппараты алғаш рет фотоға түсірген болатын.

Қытайлар 2018 жылы Айдың арғы бетін бағындырмақ 

«Чанъэ-4» аппаратының қону моделі және оған орнатылған аппарат Айдың арғы бетіне барғанда өте жеңіл қонып, түрлі ғылыми зерттеулер жүргізетін болады, – дейді Лю Цзичжун «Франс-Пресс» ақпараттық агентттігіне берген сұхбатында.

Ол сондай-ақ «Чанъэ-4» миссиясын жүзегне асыру – аспан асты елі үшін Айды зерттеуге арналған ғарыштық бағдарламалар сапында көшбасшы елге айналуға мүмкіндік туғызады деген пікірде.

Қытайлар 2018 жылы Айдың арғы бетін бағындырмақ

Цзичжунның сөзінше, «Чанъэ-4» ғарыш аппараты ай бетінің геологиялық жағдайын,  оның ерекшеліктерін зерттейтін болады. «Франс-Пресс» ақпараттық агентттігі Қытайдың Айды зерттеу орталығының өкілі Цянь Янның сөзіне сілтеме жасай отырып, бұл ғарыш сапары жалпы ұлттық күштің көрсеткіші болатынын жазады. Және әрбір сәтті миссия туған елінің ірі жетістігін көрсетіп, мақтаныш сезімін нығайтатынын айтқан.  

Қытай 2013 жылы «Чанъэ-3» модулімен Айға алғашқы сапарын жасаған болатын. Айдың бетіне қонған «Нефрит қоян» аппараты спутниктің беткі қабатын 2014 жылдың ақпан айына дейін зерттеген. Кейін жұмысын тоқтатқаны болмаса, аталған ұшу апппаратының құрал-саймандары мен бөлшектері әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр, тек қозғалуға шамасы жетпейді.

Қытайлық аэроғарыштық агенттігі Айға барып, сосын кері ұшып келетін жаңа ұшқышсыз басқарылатын ғарыштық аппарат ойлап тапты. Біз сөз етіп отырған соңғы замануи технологиялармен жетілдіріліп жасалған ғарыштық аппарат 2018 жылы ғарыш айлағына аттанбақ. Бұл «Чанъэ-3» модулінің анологы болғанымен, көбірек пайдалы зерттеулер жүргізуге негізделіп отыр.


  Әзірлеген Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға