Жаңалықтар

Қытайда 500-ге жуық студент карантинге жатқызылды

Карантин орталықтары ретінде далалық ауруханалар, сондай-ақ қайта жабдықталған стадиондар мен көрме орталықтары жасалған
Қытайда 500-ге жуық студент карантинге жатқызылды
Фото: tolqyn.kz 12.09.2022 17:17 1579

Қытайда жоғары оқу орнының 500-ге жуық студенті мен педагогтері коронавирусқа байланысты карантинге жіберілді, деп хабарлайды El.kz Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

Қытайдың Байланыс университетінің 488 студенті, 19 оқытушысы мен 5 ассистенті жатақханада коронавирустың бірнеше жағдайы анықталғаннан кейін карантин орталығына жіберілді.

Вирусқа тест нәтижесі оң мән көрсеткен адаммен байланыста болған барлық адамды карантинге жіберу Қытайдың «COVID-ке қарсы күрес» саясатының бір бағыты болып табылады.

Карантин орталықтары ретінде далалық ауруханалар, сондай-ақ қайта жабдықталған стадиондар мен көрме орталықтары жасалған. Стадиондар мен көрме орталықтарына қатысты науқастардың лық толы болатыны, тазалығының нашарлығы, бұзылып кеткен тамағы үшін сындар айтылады.

Өткен аптадағы жағдай бойынша, жексенбіде ел ішінде инфекцияның тек 1248 жаңа жағдайы тіркелгеніне қарамастан, Қытайдың 65 миллионға жуық тұрғыны карантинде болды. Олардың көпшілігінде сырқат симптомсыз өтті.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға