Жаңалықтар

Қытай қауіпсіздік министрлігі Қазақстанға неліктен келді?

ҚР Ішкі істер министрлігі
19.10.2016 09:22 4186

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің Жарақтандыру және қаржы департаменті бастығының орынбасары Лю Юйцинмен жұмыс кездесуін өткізді. 

Қытай қауіпсіздік министрлігі  Қазақстанға неліктен келді?

Берік Бисенқұлов бұл кездесудің Қазақстан мен ҚХР полицейлердің белсенді өзара ынтымақтастықта жұмыс жасауына тың серпін беретінін айтты.

Мысалы, 2015 жылы ҚР ІІМ Қытай тарапынан техникалық құрал-жабдықтар (электромобильдер, жылжымалы қауіпсіздік кедергілері, рентген қондырғы және т.б.) сатып алған болатын. Бұл қазақстандық полицейлердің күнделікті қызметте қоғамдық қауіпсіздікті қорғаумен қатар, ірі мәдени-бұқаралық шараларға (Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі және Алматы қаласындағы 28-ші қысқы бүкіләлемдік универсиада-2017) дайындық және оларды өткізу кезінде көмектеседі, дейді мамандар.

Сонымен қатар екі ел арасында қылмысқа қарсы күрес бойынша ынтымақтастық туралы ведомствоаралық және үкіметаралық келісімдер қолданыста. ҚХР құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл есірткінің заңсыз айналымына, терроризм мен экстермизимге қарсы күрес саласында, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде жүзеге асырылады.    

Тек соңғы 3 жылда ҚХР-да 60-тан астам қызметкерлер оқытылды. Қазан айында қызметкерлердің киберқылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша баруы жоспарлануда.

Кездесу соңында Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі Жарықтандыру және қаржы департаменті бастығының орынбасары Лю Юйцинге «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқаны үлесі үшін» медалі, ал делегация мүшелеріне Қазақстан Республикасы ІІМ-нің грамоталары тапсырылды. Делегация Астана қаласы ІІД-нің Жедел басқару орталығын және бірқатар объектілерін аралады. 


Алмас САУДАМБАЙ 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға