Ыстықкөлде катер басып кеткен қазақстандық қайтыс болды
18.07.2024 16:12
Фото:
©El.kz
Қырғызстанның Ыстықкөлінде катер басып кеткен қазақстандық көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
24.kg мәліметінше, ер адам ауруханада қайтыс болған. Милиция тергеу жұмыстарын бастады.
Қара ой ауылындағы жағажайда демалып жатқан ер адамды катер басып кеткен. Қайғылы оқиға 15 шілде күні болған. 42 жастағы Қазақстан азаматы ауыр жарақат алып, салдарынан 16 шілде күні жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Өлімнің себептерін сот-медициналық сараптама анықтайды.
Катер иесі 32 жастағы жергілікті тұрғын болған, су көлігін сол кезде 18 жастағы жігіт басқарған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

