Жаңалықтар

Ыстық күнде қандай су ішкен дұрыс?

Ыстық күнде қандай су ішкен дұрыс?
Фото: © Pixabay.com 13.07.2023 13:00 1574

Нутрициолог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында шілденің шіліңгір ыстығында қандай су ағзаға пайдалы болатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бірінші орында,әрине,мен қайта-қайта айтатын жылы суға жетері жоқ. Жылы су асқазан-ішек жолдарын оятып, тұла бойымыздан токсин-шлактарды шығаруға, зат алмасу процесін реттеуге, дененің термобалансын сақтауға көмегі зор, - дейді маман.

Одан кейін шипалы сусын ретінде “Сасси” сусынын ұсынды. Бұл сусынның асқазан-ішек жолдарын тазалауда көмегі көп. Дәрумен мен минералға да бай. Құрамы да қолжетімді. Суға зімбір, қияр, жалбыз, лимон қосып, дайындайды. 

Ал ыстықта шөлді басу үшін көкөніс шырынын да ішуге болады екен.

Әсіресе қызанақ шырыны жақсы шөл басады. Әрі нағыз табиғи антиоксидант. Ағзадан зиянды холестеринді шығарады. Жүрек, буын ауруларының алдын алады. Диабетиктерге де еш қауіп жоқ. Аштықты басады. Бірақ бұл шырынды үйден дайындап ішкен жөн, - дейді нутрициолог.

Оқи отырыңыз:

Денсаулыққа пайдасынан зияны көп, тәтті, газдалған және энергетикалық сусындардан мүлде бас тартқан жөн.

Ыстықта суды қандай нормада ішкен жөн? Иә, түсінем. Жиі шөл қысады. Мұндайда сәт сайын мұзадай суды литрлеп сіміруші болмаңыз. Шөл басу басу үшін алдымен жоғарыда айтқандай жылы суды тұтыныңыз және әр ішкен су мөлшері 100 мл-ден көп болмағаны жөн. Өйткені аптап ыстық болса да әдеттегі нормаңыздан және салмағыңыздан бірден бірнеше есе көп су ішу - бұлшық ет, буын, бүйрекке күш түсіреді, - дейді дәрігер.

Оның айтуынша, ең дұрысы дене салмағына сай күнделікті норманы бөліп-бөліп ішкен абзал. Сонымен қатар, суды қылқылдатып жұтпай, асықпай ұрттап-ұрттап ішу керек.

Иә, су деген нағыз профилактикалық та әрі емдік де қасиеті жоғары саф алтынға бергісіз сусын ғой түсінгенге. Қазақ "қайран, қара судың қадірін-ай" бекер айтпайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы бойынша жердің 86% тұрғыны жеткілікті су нормасын ішпейді екен! Сондықтан осындай аптап ыстықта асыра сілтемей-ақ жеткілікті су ішіп жүріңіз. Терлегеннен шошымаңыз. Термен бірге токсин мен шлак та шығып ағза тазара түседі, - дейді нутрициолог Ұлжалғас Сманова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға