Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлу қамауға алынды. Бұл туралы A Haber телеарнасына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шаһар басшысымен қатар тағы 100-ге жуық адам қамауға алынған. Олардың қатарында мэрдің баспасөз хатшысы да бар.
Ыстамбұл мэриясына қатысты жемқорлыққа қарсы ауқымды операция басталғаны хабарланды. Прокуратура бұл істің қалалық тендерлерді өткізуіне және шенеуніктердің елде тыйым салынған «Күрдістан жұмысшы партиясымен» ықтимал байланыстарын анықтауға қатысты екенін мәлімдеді.
Құқық қорғау органдары мэрдің үйінде тінту жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар кеше Ыстамбұл университеті Имамоғлудан дипломын кері қайтарып алу туралы шешім қабылдады. Бұл оның алдағы президенттік сайлауға түсуіне кедергі келтіруі мүмкін.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

