Қырғызстанда Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы қайтыс болды
17.07.2022 05:20
16 шілдеде Қырғызстанның Ыстықкөл облысында Қазақстан азаматы қаза тапты. Оның жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы болғаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz.
58 жастағы Мұрат Жүзгенбаев Қырғызстанға екі спортшысымен бірге чемпионатқа дайындалу әрі жиын үшін келген. Олар Қырғызстанда 3 шілдеден бері жүрген.
Федерация мәліметінше, Мұрат Жүзгенбаев - КСРО спорт шебері, жоғары санатты жаттықтырушы.
– ХДСШ атағына төрт спортшыны және Олимпиада ойындарына қатысушы Артем Косинов, Гүлжанат Жанатбек, Шолпан Мансурова, Айман Ратованы, спорт шеберлері Сергей Тулапин, Александр Сысоев, сондай-ақ, СШК пен Қазақстан чемпиондарын даярлады, - деді федерация өкілі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

