YouTube Венесуэла президентінің аккаунтын бұғаттады
20.09.2025 23:49
Фото:
© AP Photo / Matias Delacroix
YouTube видеохостингі Венесуэла президенті Николас Мадуроның аккаунтын бұғаттады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оның өкілдері ресми парақшаны ашуға әрекет жасағанда, «қолдану ережесін бұзғаны үшін бұғатталды» деген жазу шығады.
Мадуроның YouTube-арнасында үкімет пен президенттің күнделікті іс-шаралары жайлы жазбалар мен тікелей эфирлер жарияланып келген. Каналда 200 мыңнан астам жазылушы бар еді.
Қаракаста бұл ақпаратқа қатысты әзірге ресми түсініктеме берілген жоқ.

