©Pixabay.com

YouTube авторларға 100 млрд доллардан астам қаражат төлегенін мәлімдеді

YouTube өкілдерінің хабарлауынша, 2021 жылдан бері платформаның контент авторларына төлеген жалпы сыйақы көлемі 100 миллиард доллардан асты, деп жазады El.kz интернет порталы.

Компанияның мәліметінше, YouTube-тағы көрілімдердің артуына теледидарлар мен YouTube орнатылған телеприставкалар арқылы қарайтын көрермен санының артуы әсер еткен.

Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда, 100 мың доллардан астам табыс табатын арналардың саны 45 пайызға өскен.

Сонымен қатар, видеохостинг YouTube Shorts үшін жаңа жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын енгізетінін хабарлады. Енді қысқа видеолардың авторлары роликтерді өңдеу және монтаждау кезінде ЖИ мүмкіндіктерін пайдалана алады. Мәселен, бейнеге музыка қосу, кадрдан тыс дауыс енгізу секілді функциялар қолжетімді болмақ.