Жаңалықтар

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері талқыланды

Мақсат – кәсіпкер әйелдер үшін іскерлік ортаны қалыптастырудағы жаңа тәсілдер мен трендтерді талқылау.
Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері талқыланды
Фото: дереккөз 23.09.2022 22:19 1851

Астанада қазақстандық және шетелдік қатысушыларға арналған ірі диалог алаңы – «ASMAR – бірлік дәстүрлері» әйелдер кәсіпкерлігінің халықаралық конгресі өтті, деп хабарлайды EL.KZ АҚДМ баспасөзіне сілтеме жасап.

Мақсат – кәсіпкер әйелдер үшін іскерлік ортаны қалыптастырудағы жаңа тәсілдер мен трендтерді талқылау.

Конгресті «Атамекен» іскер әйелдер кеңесі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ұйымдастырды.

Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, «Атамекен» ҰКП-ның, бизнес қауымдастықтардың өкілдері және «Томирис» ақпараттық білім беру бағдарламасының оқушылары қатысты.

Конгресс барысында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша түрлі Ұлттық және Халықаралық бағдарламалар (тәсілдер) қарастырылды. Соның ішінде ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталықтарын құру және әйелдердің бастамаларын дамыту бойынша Қазақстанның тәжірибесі («Бір ауыл – бір өнім» жобалары және т.б.) таныстырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға