«Ыдыс жуамын». Нұрлан Қоянбаев әйеліне қалай көмектесетінін айтты
Фото: instagram.com/koyanbayevnurlan
Фото: instagram.com/koyanbayevnurlan
07.12.2023 13:55
2073
Актер Нұрлан Қоянбаев әйеліне қалай көмектесетіні туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Instagram парақшасына әнші Аян Бірбаева жариялаған видеода актер екінші әйелге де қатысты сұрақтарға жауап береді.
Үй шаруасына көмектесемін. Кір жумаймын, үй тазаламаймын. Кейде түнде келгенде, ас үйдің есігін жауып қоямын да, ыдыс жуып тастаймын. Үйге жұмсалатын ақшаның бәрін әйелімнің өзі жаратады. Ал екінші әйел алуды әр адам өзі біледі. Маған бір әйел жетеді, - деді Нұрлан Қоянбаев.
Бұл жауабына тәнті болған оқырмандары жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
91 жастағы миллионер өзіне қалыңдық іздейді