Ясмин Дүйсембаева Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды
17.10.2023 02:21
Фото:
Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық Ясмин Дүйсембаева Испанияның Санта Понса қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Tennis Europe сериясы бойынша өткен турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Ясмин финалда Болгария өкілі Майя Михованы 7:5, 6:2 есебімен жеңді.
Ұлдар арасында тағы бір қазақстандық Ахмади Маханов финалға дейін жетіп, корт иесі Томас Мартинге жол берді – 1:6, 1:6.
Ахмади есесіне жұптық сында Балқан Нұрдәулетпен бірге соңғы бәсекеде словакиялық Леонард Нипц – украиналық Егор Романютты 6:1, 6:2 есебімен ұтып, жеңімпаздар қатарына қосылды. Әдемі Әлсейпулова нидерландтық Пиппа Фенниспен бірге финалда испаниялықтар Пелас – Бельтранға есе жіберді – 3:6, 4:6.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

