Жаңалықтар

Ұялы телефон рак ауруын тудыра ма?

Ұялы телефон біздің күнделікті өміріміздің ажырам бөлігіне айналды. Дей тұра, бұл құрылғының қауіптілігі, бар екендігін жоққа шығара алмаймыз. Мұндай пікірдің ғылыми дәлелдемесі бар ма?
03.03.2015 10:59 7848

Ұялы телефон біздің күнделікті өміріміздің ажырам бөлігіне айналды. Таңнан кешке дейін қалтамызда, түнде жастығымыздың астында. Онсыз бүгінгі өмірді елестету де қиын, қол-аяғың байланғандай болады. Дей тұра, бұл құрылғының қауіптілігі, әсіресе оның рак ауруын тудыратыны туралы неше түрлі пікірдің бар екендігін жоққа шығара алмаймыз. Алайда бұл қаншалықты рас? Мұндай пікірдің ғылыми дәлелдемесі бар ма?

Ұялы телефон рак ауруын тудыра ма?

Қалыптасқан пікір:

Ұялы телефондар мен радиотолқындарды шығаратын өзге де құрылғылар рак ауруының пайда болу мүмкіндігін арттырадыЭлектр желілерінің астында тұру – денсаулықты отырғызу мен рак ауруымен сипатталып келді. Құрылғылардан келетін электромагниттік толқындардан мидың глиомасы (мидағы қатерлі ісіктің бірінші сатысы) пайда болуына әкелуі мүмкін. Генетикалық код бұзылып, бас ауры мен ұйқымен байланысты өзге де аурулар пайда болдады. Швециядан жүргізілген зерттеуге сәкес, ұялы телефондарды пайдаланатындардың 30 % пайызында рак ауруының пайда болу мүмкіндігі артады.

Рассел Блейлок

нейрохирург

«Ұялы телефоннан шығатын микротолқындар ДНҚ-ны бұзып, ұлпалардағы созылмалы аурудың, кейіннен рак ауруының пайда болуына әкеледі»

Ұялы телефон рак ауруын тудыра ма?

Не себепті бұл пікір дұрыс емес:

Көптеген зерттеулер электрондық құрылғылардың рак ауруының пайда болуы мүмкіндігін арттырмайтындығын дәлелдеді

Электромагниттік толқындар салдарынан рак ауруының пайда болуы мүмкіндігі аз болғаны сонша, мұндай құрылғыларды қолданудан қорқудың еш қажеті жоқ.

Техас университетінің ғалымдары тәжірибе жүргізіп, ұялы телефонынан 10 жыл бойы айырылмай келе жатқан 50 мың адамның ішінен тек 20 адамда ғана глиома пайда болуы мүмкін екен. Ал даниялық ғалымдар ұялы телефонның қаупін мүлдем таппаған. Оксфорд зерттеушілері де олардың ұйғарымын қуаттап, 1 миллион әйелді сынақтан өткізу арқылы рак ауруы мен ұялы телефон арасында ешқандай байланыс жоқ екенін анықтаған.

Оның үстіне америкалық ғалымдардың зерттеуі көрсеткендей, глиомамен ауырудың пайызы ұялы телефон пайда болғалы бері өспеген екен.

Нигель Скраттон

биохимик

«Әрине, бұл сұрақ әлі де түбегейлі зерттеу қажет-ақ, дегенмен ағымдағы зерттеулерге сүйенсек, электр желілері, ұялы телефондар және өзге осы тектес құрылғылар адамдар үшін қауіпсіз».

Ұялы телефондардың қауіпсіздігін британдық Денсаулық сақтау министрлігінің MTHR (Mobile Telecommunications and Health Research Programme) арнайы жобасының мамандары растап отыр.

«Ғылыми бағдарлама жүзеге асты және мен әртүрлі ғылыми пікірлерге қарамастан, ұялы телефондар мен осы ұялы телефондардың базалық станцияларынан шығатын электромагниттік толқындар тарапынан туындай қауіпті еш анықтай алмадық» - дейді MTHR жобасының басшысы, профессор Дэвид Коггон.

Бүгінгі таңда MTHR – ұялы телефонның қауіптілігін зерттеу бойынша жүзеге асқан жобалардың ішіндегі ең қымбаты – оған 13,6 миллион фунт стерлинг (22,7 миллион АҚШ доллары) жұмсалды. 


Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға