Жаңалықтар

Ұйқышылдықпен күрес: миф және факт

Әлеуметтік сұраулардың нәтижесі бойынша, ересек адамдардың 40-50% тұрақты түрде ұйқышылдыққа пен шаршауға шалдығады екен. Бұл еңбек тиімділігінің төмендеуіне, кейде апатты жағдайға әкелуі мүмкін.
14.05.2015 11:02 14872

Әлеуметтік сұраулардың нәтижесі бойынша, ересек адамдардың 40-50% тұрақты түрде ұйқышылдық пен шаршауға шалдығады екен. Бұл еңбек тиімділігінің төмендеуіне, кейде апатты жағдайға әкелуі мүмкін. Ұйқышылдық пен шаршауды қалай жеңуге болады?

Ұйқышылдықпен күрес: миф және факт

№1 миф. Егер күндіз шамалы ұйықтап алса, ұйқышылдық тек күшейіп, түнде ұйықтап кету қиын болады.

Шын мәнісінде күндізгі қысқа ұйқы ағзамызға жақсы әсер етіп, балғындық сезімін береді. Алайда бұл ұйқы қысқа болуы тиіс. Зерттеулер бойынша, күндіз 10 минуттық ұйқыдан соң адамдар зияткерлік қабілеттерді анықтауға арналған әртүрлі тесттерді ұйықтамағандарға қарағанда жақсырақ орындаған. Зерттеуге қатысқанның бәрі түнде ұйқысын қандыра ұйықтағанын да ескеру қажет. Дегенмен, қысқа ұйқының өзін белгілі бір уақытқа жоспарлап, өз мөлшерінен асырмаған дұрыс. Егер сіз 20 минуттан артық немесе түскі сағат 2 мен 3 кейін ұйықтасаңыз ішкі сағаттарыңыз шатасып, ыңғайсыздық тудырады. Оянғаннан соң ұйқышылдық одан әрі күшейіп, түнгі ұйқы кезінде проблемалар пайда болады.

№2 миф. Кофе арқылы ұйқышылдықпен күресу – нашар идея, өйткені ол ұйқының бұзылуына әкелуі мүмкін.

Кофеге қатысты теріс ақпараттар мен пікірлердің барлығы аталмыш сусынды шамадан тыс тұтынумен байланысты. Мөлшерімен ішсең, кофенің пайдасы бар, ол ағзамызды сергітіп, назар салу қабілетімізді жақсартады, ұйқышылдықты кетіреді. Түнде ұйқысын қандырған адамдардың өзі күндіз ұйқышылдыққа ұшырайтын жағдайлар болады. Бұл көбіне түстен кейін болатын құбылыс. Бір шыны кофе немесе қою қара шай (оның да құрамында кофеин бар) – жұмыс кезіндегі ұйқышылдықтан арылудың ең жақсы әдісі, егер басшы жұмыс орнында ұйықтауға рұқсат бермейтін болса. Алайда кофеині бар сусындарды түстен кейін ішпеген абзал, әсіресе ұйқысыздықпен ауыратын болсаңыз. 

№3 миф. Ұйқысыздықтан кәмпит немесе бір құты лимонад арқылы арылуға болады. 

Аталмыш өнімдердің құрамындағы көмірсулар уақытша қуат береді, алайда оның әсері тез кетеді де адам одан да бетер әлсіреуі мүмкін.

Не себепті ұйқышылдыққа душар болған адам қантқа бай өнімдерді тұтынғысы келеді? Ұйқышылдық кезінде біздің ағзамызға балғындық пен жұмыс қабілетін қалпына келтіру үшін энергия қажет. Тәжірибе барысында жұмыс кезіндегі ұйқышылдыққа шалдыққан адамдарға өз қалауына сай тағамды таңдауға мүмкіндік беріліп, олардың бәрі тәтті немесе майлы тағамды таңдаған. Бұл өнімдерде энергияға жылдам айналатын көмірсулар болады. Олар қан құрамындағы қант мөлшерін бірден арттырып жібереді. Алайда мұндай өнімдердегі энергия тез сарқылады да, қант мөлшері кенет азайып кетеді. Осы себепті жұмыс кезіндегі ұйқышылдықпен күрескіңіз келсе, қарапайым көмірсулар мен майлардан тұратын тағамнан алшақ жүріңіз. Күрделі көмірсулар мен ақуыздардан тұратын жеңіл түскі асға жүгінген жөн.

№4 миф. Физикалық салмақ түскен соң шаршау мен ұйқышылдық күшейеді

Керісінше, қозғалыс ұйқышылдық пен шаршауды басып, қан айналымы мен метаболизмді жақсартады, мидың дұрыс жұмыс істеуіне оң әсер етеді. Жұмысқа жаяу барыңыз немесе егер жұмысыңызға дейінгі қашықтық тым алыс болса, шамалы жаяу жүріп барып отырыңыз көлікке. Түскі ас кезінде тек тамақтанып қана қоймай, 10 минуттық жаяу қыдыруға да уақыт табуға тырысыңыз.

Сонымен қатар, бос уақыт кезінде тұрақты түрде жаттығу жасауды да ұмытпаңыз. Белсенді физикалық жаттығу тонусты көтеріп, стресстік жағдайдың алдын алып, ұйқыны жақсартады.

№5 миф. Ұйқышылдық дегеніміз – бұл қалыпты жағдай, оған көнігу қажет.

Шын мәнісінде бұл олай емес. Егер Сіз ұзақ уақыт бойы ұйқышылдықты жеңе алмай жүрсеңіз, дәрігерге жүгінгеніңіз абзал. Кей жағдайларда тұрақты түрдегі ұйқышылдық өте күрделі аурулардың сыртқы белгілері болып табылады. 


Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға