Жаңалықтар

Ұйғыр этномәдени орталығы ұйымдастырған Адбулла Розыбақиев атындағы мектептің 50 жылдығы

Азаматтық тұтастықтың біріктіруші ұйытқысына айналған А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназия жарты ғасыр ішінде бірнеше ұрпақ тәрбиелеп шығарды.
27.02.2015 12:54 6932

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласындағы ұйғыр этномәдени орталығы белгілі саяси қайраткер Абдулла Розыбақиев атындағы мектеп-гимназияның 50 жылдық мерейтойын өткізді. Жарты ғасыр ішінде талай түлекке білім нұрын шашып, бірнеше ұрпақты тәрбиелеп үлгерген мектеп әрине ұзтазымен қымбат. Ал, ұстаз оқушы үшін ең жоғарғы адамгершіліктің, отансүйгіштіктің, мейірімділік пен қайсарлықтың  үлгісі. Міне, Абдулла Розыбақиев өз еліне адал еңбек еткен осындай жан болатын.

Ұйғыр этномәдени орталығы ұйымдастырған Адбулла Розыбақиев атындағы мектептің 50 жылдығы

Бүгінгі таңда қазақстандықтардың,  әсіресе ұстаздар ұжымының алдында тұрған міндеттердің бірі – «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін мектептерде мақсатты түрде  тәрбие жұмыстарын жүргізіп, сонымен қатар барлық оқу пәндерінің мазмұнын күшейту мәселесіне жоғары мән берілуде.  Оқытылатын пәндер рухани-адамгершілік  қасиеттері мен білім алушылардың  патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, қазақстандық отаншылдық пен азаматтық жауапкершілік, ұлттық сана-сезім мен толеранттық, Қазақстанның  этносаралық жағдайда  қарым-қатынас жасай білуіне бағытталып келеді. Қазақстан 140 этнос  пен 17 конфессияның өкілдері үшін туған шаңырағына айналды.   «Қазақстан 2050» стратегиясының  идеялық негізі болған патриотизм,   халықтың бірлігі мен  келісім негізіндегі жалпы ұлттық  құндылықтарды одан әрі нығайту мектептің 50 жылдығын тойлаудағы  негізгі мақсат болуы керек деп есептейміз.  Негізгі міндет - біздің жоспарларымыз бен тілек ниеттерімізді    нақты жетістіктерге  ұластыру.Осыған  орай,    осынау  атаулы  оқиғаны  өткізу  жөніндегі іс-шаралардың  жоспары     мектебіміздің  бүкіл     тіршілігіне   серпін  береді деп сенеміз.    

Ұйғыр этномәдени орталығы ұйымдастырған Адбулла Розыбақиев атындағы мектептің 50 жылдығы

 Достық  ықшамауданы  Әуезов ауданында орналасқан   А.Розыбақиев атындағы бұл мектеп – гимназия  1960 жылы №86 орта мектептің қасында  ашылған. Бастапқыда ұйғыр тілінде білім алатын сыныптар ғана болған. 1964 жылы өз алдына бөлініп шығып, жалпы білім беретін 8 жылдық  орта мектеп мәртебесін алды. Мектеп ғимараты 1176 орынға есептелген. Бүгінгі таңда білім ордасында 1320 оқушы білім алып жатыр, 56 сынып  комплекті бар, шығармашыл ұжымда 102 мұғалім қызмет етеді.  Бір ауданда орналасқан  бәсекеге қабілетті мектептер ішінде   ұстаздардың жетістіктері - Ұлттық біріңғай тестілеу нәтижелері, олимпиада, ғылыми жобалар, бұл білім ордасының  қоғамдағы  орнының жоғары, халықтың сеніміне ие екенін көрсетеді. Мектеп-ұжымы өздерінің шығармашылық жұмысының арқасында  2001 жылы гимназия мәртебесін иеленіп, Қазақстан Республикасы бойынша оқу ұйғыр тілінде жүргізілетін  ең алғашқы гимназия ретінде Қазақстан  Кинэстер кітабына енгізілді. Алматы қаласының әкімі тарапынан жүргізілген сайыстарда «Үздік шығармашыл ұжым»  (2000-2001ж.), «Білім  шамшырағы,  мәдениеттің  жарық жұлдызы» (2008-2009 ж.) атты номинацияларға ие болды.

Ұйғыр этномәдени орталығы ұйымдастырған Адбулла Розыбақиев атындағы мектептің 50 жылдығы

Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек десек, №153 мектеп- гимназия  білім берудің инновациялық  жаңа әдістерге көшуіне, жаңа буын оқулық және әдістемелік кешендерін даярлауда  аудармашы, автор және соавторлар  тобы шығармашылық жұмыс жасап  ұлттық мектептер және оқу ұйғыр тілінде жүргізілетін мектердің дамуында ғылыми база ретінде  методикалық  көмек беріп келуде. Тілдердің үштұғырлылығы саясатына негізделіп, мемлекеттік  тілдің  мәртебесін нығайту үшін көп жұмыстар атқарып, көптілді білім беру саясатының жүзеге асуында  ұлттық мектептер арасында өз іс-тәжірибесін таратып көшбасшылық етуде. ЮНЕСКО, ОБСЕ, Қазақстан Халқы  Ассамблеясы, Қазақстан Білім министірлігі тарапынан өткізілген барлық іс-шараларда белсене қатысып, ұлттық мектептер арасында  білім беру жүйесін жетілдіруде айтарлықтай рөл атқарып келуде.

Ұйғыр этномәдени орталығы ұйымдастырған Адбулла Розыбақиев атындағы мектептің 50 жылдығы

Бұл білім ордасының балалардың өмірлік өз жолдарын тануға, олардың азаматтық көзқарастарын қалыптастыруға бағытталған іс-тәжірибесі өз нәтижесін көрсетіп, бүгінгі таңда көптеген түлектерінің  Қазақстан Республикасының  саяси,экономикалық және мәдени дамуына салмақты үлес қосуын  мақтаныш етеді.  

Ұйғыр этномәдени орталығы ұйымдастырған Адбулла Розыбақиев атындағы мектептің 50 жылдығы

Мерекелік шараға Алматы қаласы М.Әуезов ауданының әкімдігі атынан Бекқали Торғаев, Алматы қаласының Білім департаменті атынан Гүлбану Амертаева, Қазақстандағы ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы Шаһимардан Нурумов, қалалық Маслихат депутаты Ахметжан Шардинов, Алматы қаласының ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы Абдуллам Ушуров, Қазақстан халқы Ассамблеясының Алматы облыстық секретариат жетекшісі Ғабит Тұрсынбай және ҚХА Алматы қалалық секретариат жетекшісі Маргарита Абдалиқызы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Ұйғыр этномәдени орталығы ұйымдастырған Адбулла Розыбақиев атындағы мектептің 50 жылдығы

Ұйғыр этномәдени орталығы ұйымдастырған Адбулла Розыбақиев атындағы мектептің 50 жылдығы

Ұйғыр этномәдени орталығы ұйымдастырған Адбулла Розыбақиев атындағы мектептің 50 жылдығы

Ұйғыр этномәдени орталығы ұйымдастырған Адбулла Розыбақиев атындағы мектептің 50 жылдығы

А. Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназия  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына  жауапты болу – әрбір қазақстандық үшін  парыз және абырой» деген тапсырмасы бойынша  азаматтық тұтастықтың  біріктіруші  ұйытқысы болып келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға