Жаңалықтар

Ұйқы бұзылуындағы қауіп-қатер

Барлығымыз ұйқысыздық немесе ұйқының бұзылуы секілді күрмеуі шешіле бермейтін мәселелермен жиі жолығамыз.
30.06.2014 10:40 11113

Барлығымыз ұйқысыздық немесе ұйқының бұзылуы секілді күрмеуі шешіле бермейтін мәселелермен жиі жолығамыз. Егер де күндізгі уақытта 10 минуттың ішінде ешқандай кедергісіз ұйықтай алсаңыз, онда ұйқыңыз бұзылған. Ұйқы түрлі себептермен бұзылады : жұмыстың көптігі, теледидар алдында көп отыру, уайымнан және де сол сияқты заттардан. Енді біз ұйқы бұзылуының нәтижесі нендей жағдайларға алып келетінін білеміз.

Ұйқы бұзылуындағы қауіп-қатер

Көмірсуларға ынтық болады.   

Егер де ұйқыңыз бұзылған болса, ағзаңыздың дұрыс жұмыс жасауына жауап беретін лептин гормоны әлсіреп, әсерінен калориялы заттарға, оның ішінде көмірсуларға ынтығу сезімі басталады. Ол ағза құрамындағы көмірсудың мөлшеріне байланыссыз болады. Яғни, оған тәуелді емес. Бұл адамдарға кері әсерін тигізері сөзсіз. Мұндай уақытта диета ұстамаған жөн.

Атеросклероз.

Біздің білуімізше, ұйқы бұзылуы стресстің жағдайына алып келеді. Бұл ағаздағы кортизол мөлшерінің ұлғаюын тудырады. Мұндай дисбаланс орын алса, артерияда – атеросклероз пайда болады. Бұл жағдай біз ойлағаннан да қауіпті. Себебі, атеросклероз жүрек талмасын тудыратын бірден-бір сырқат. Одан бөлек ағзадағы кортизол мөлшерінің көбеюі бұлшықеттердің әлсіреп, орнына семіру және сүйек көлемінің өсуі байқалады. Оның үстіне, кортизол тестостерон мөлшерін төмендетіп, бірден бой өсу процесін тежейді.

Глюкоза толеранттылығының жоғалуы. 

Егер, ағза дұрыс ұйқыны қабылдай алмаса, бұл жағдай – жүйке жүйесінің белсенділігіне алып келеді. Бұл әрекет асқазананның инсулин секілді дұрыс гормондорды бөле алмауына себепші болады. Глюкозамен тығыз байланыста болғаннан кейін, біздің ағза оған толығымен тәуелді.

Сүт безі рак ауруының тууына сеебпші болады.

Кейбір ғалымдар ұйқы бұзылуы мен сүт безі рагының арасында тығыз байланыс бар деп сендіреді. Түнгі уақытта ағзамыздағы экстроген мөлшерін қысқартатын мелотониннің бөлінуі орын алады. Жарық кедергі болғаннан соң  бұл процесс тек түнгі уақытта болады. Осыған байланысты эстроген мөлшері тым артып кетіп, сүт безі рак ауруын тудыруы әбден мүмкін.

Ашу және депрессия.

 Егер адамның ұйқысы қанбаса – ми қабатындағы нейромедиаторлардың бұзылуына алып келеді. Дәл осылар адамның көңіл күйіне жауап береді. Сол себепті де, ұйқысы дұрыс емес адамның көңіл күйі болмай, өзіне депрессия қабылдап алуы да ықтимал.

Ойлана алмау қасиетінен айырылу.

Осы тақырыпта түрлі тәжірибелер жасалып, 19 сағат бойы белсенді қызмет жасаған адамның қан құрамында 0,08 пайыз алкогольді тұтынған адамға қарағанда дұрыс ойлана алмау қауіпі дәлелденген. Бұл пайыз адамның толық істен шығып, өз-өзіне жауап бере алмайтын деңгейін көрсетеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға