WTA қорытынды турнирі: Елена Рыбакинаның қарсыластары анықталды
30.10.2024 18:11
Фото:
ҚР ҰОК
2 қарашада Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) WTA қорытынды турнирі басталады. Оған маусым нәтижелері бойынша іріктелген әлемнің ең мықты деген сегіз теннисшісі қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мансабында екінші рет ең беделді турнирлердің біріне екінші рет жолдама алып отыр.
Ол күлгін топ сапында өнер көрсетеді. Рыбакинаның қарсыластары Арина Соболенко (Беларусь), Жасмин Паолини (Италия) және Чжан Цинвэнь (Қытай) болмақ.
Қызыл сары топқа Ига Швентек (Польша), Кори Гауфф (АҚШ), Джессика Пегула (АҚШ) және Барбора Крейчикова (Чехия) сынды теннисшілер енді.
Рыбакина 2 қарашада Паолиниге қарсы алғашқы матчын өткізеді.
Айта кетелік, турнир 9 қарашада аяқталады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

