«Wiedergeburt» немістер қоғамдық бірлестігіне биыл 30 жыл толады
01.04.2019 05:37
Алматыда «Wiedergeburt» немістер қоғамдық бірлестігінің 30 жылдығы атап өтіледі.
Кеңес төрағасы А. Дедерер жиылған жұртшылықты ынтымақтастық пен бейбітшіліктің нышаны саналатын Наурыз мерекесімен құттықтап, бұл мейрамның Қазақстан халықтарының ең сүйікті мерекесінің бірі екендігін атап өтті. Өз ұлтының атынан қазақ халқына үлкен алғысын білдірді. Әңгіме барысында биыл неміс Кеңесінің құрылғанына 30 жыл толатынын тілге тиек етті.
Іс-шараның барысында «Wiedergeburt» неміс қоғамының қалыптасу тарихы туралы фильм көрсетілді.
Кеш соңы қазақ, неміс және орыс тілдеріндегі әндер және өлеңдермен жалғасты. Бұған қоса мерекеге қатысушылар арнайы жайылған мерекелі дастархандағы қазақ және неміс ұлттық тағамдарынан дәм татты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

