© Pixabay.com

«WhatsApp-ты осылай бақылап отырады». Сарапшылар видеоға қатысты жауап берді

12.12.2023 18:30

Әлеуметтік желіде ҰҚК қазақстандықтардың  WhatsApp-тағы хабарламаларын «бақылап отырған» видеосы тарап кеткен еді,  деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеода көптеген адамдардың бір-бірімен хат алмасқаны бейнеленген мониторинг көрінеді. Шындығында бұл видеоның Қазақстанға ешқандай қатысы жоғы белгілі болды.

Бұдан бір-екі ай бұрын аталған видео Дағыстан мен Өзбекстанда талқыланып, «билік қарапайым халықты осылай бақылап отырады екен» деген пікірлер тараған еді.

«WhatsApp-ты осылай бақылап отырады». Сарапшылар видеоға қатысты жауап берді

Бейнежазба сапасыз болса да, WhatsApp желісіндегі хат алмасуға еш ұқсамайтынын  аңғаруға болады. Онда қытайлық WeChat желісіндегі жарнама хаттарының жаппай таратылып жатқаны аңғарылады.