Жаңалықтар

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі
14.10.2019 16:34 4746

80-ші жылдардың екінші жартысында Кеңестер Одағында жариялылық кезеңі бел алды. Бұл цензура әлсіреп, көптеген құпиялардың, соның ішінде кеңестік немістер туралы да біраз сырдың басы ашыла бастаған кез еді. «Neues Leben», «Freundschaft» және «Rote Fahne» сияқты неміс газеттері көптеген жылдан бері алғаш рет проблемалар туралы ашық айта бастады.

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

Неміс халқына қатысты әділдікті орнату туралы үндеулермен делегациялар Мәскеу қаласына жіберіледі. Кеңестер Одағында неміс тарихын, мәдениетін және тілін сақтау бойынша жұмыстар басталады. Осының бәрі 1989 жылғы 29-31 наурыз аралығында Мәскеуде өткен съезде «Возрождение» деген атаумен Бүкілодақтық кеңестік немістер қоғамын құруға негіз болады. Оның Үйлестіру кеңесі де осы жиында сайланады.

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

«Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Альберт Раудың естелігінен.

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

1989 жыл – қайта құру кезеңінің қайнар шегі. Жариялылық, жеке басқа табынушылық, кінәсіз сотталғандарды ақтау – осының бәрі үлкен одақ өмірінің бейқам тіршілігін дүр еткізді. Сонымен бір мезгілде идеялардың іске аспауынан, елдегі экономикалық, мәдени және саяси қарым-қатынастарды қайта құруда нақты өзгерістердің болмауынан тоқыраушылық белгілері айқындала бастады.

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

Мәскеудегі КСРО немістерінің алғашқы съезі есте сақталды. Бұл жерде біздің аға буын отандастарымыздың батылдығы туралы айтып өткен жөн. Олар одақтық басшылардың тарапынан біраз қарсылыққа қарамастан, осы жиынды ұйымдастырып, өткізе алды. Әрине, бұл съездің Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын сақтап қалу туралы референдуммен тұспа-тұс өткізілуі біршама ыңғайсыз болған еді. Бізге осы съезді өткізбей, үйлерімізге тарқау туралы ұсыныс жасалды. Бұл ретте халық ашу-ызаға толы, бәрі де үндемей әбден шаршаған. «Мәдени автономия аласыздар, ал автономды құрылу туралы ұмытыңыздар» деген Кремльден келіп жатқан үзік-үзік хабарлар да көңіл-күйді одан әрі қоздырды.

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

Есте қалған жағдай, 1991 жылы қазан айында өткен екінші съезд кезінде «Октябрь» кинотеатрының алдында саратовтықтар «1942-ші жылы жіберген жоқпыз, қазір де жібермейміз» деген плакатпен шыққан еді. Съезге қатысушылар бұрынғы Кенигсберг, сол кездегі Калининградқа кетуді, басқа да нұсқаларды ұсынып жатты. Жан-жақтан осындай у-шу арасында бір шешімге келе алмадық. Эмиграция толқыны басталды. Көптеген неміс отбасыларының алға қойған бір ғана мақсаты болды - «антраг» тауып, елден қоныс аудару. «Возрождение» қоғамы осындай қиын кезеңде қалыптасқан. Маған Лисаковск қаласындағы қалалық қоғамды басқару тапсырылды.

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

Осы отыз жыл ішінде өзін-өзі ұйымдастыратын, жұмыс істейтін құрылым, өңірлік қоғамдар қалыптастырылды. Қызметіміздің алғашқы онжылдығы тарихи отанына оралуға ниет білдіргендермен жұмыс жасадық, бірақ күн тәртібі де ауысып жатты. Басты мәселе: осында қалып, өзінің өмірін осында жалғастыруды мақсат еткен отандастарымызға қалай көмектесу керек?

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

Проблема аз емес: ана тілін және дәстүрлерді сақтау, тарихи отанымызбен байланыстарды нығайту, еңбек адамдарына және аз қамтылған отбасыларға көмек. Республикалық ұйымды құруға негіз болғандар: Қазақстанда немістердің қоғамдық бірлестігі қауымдастығын 24 жылдан астам басқарған Х. Дриллер, К. Эрлих, А. Мерц, А. Дедерердің еңбегін атап өткен жөн. Олар тек активті ұйымдастырып қана қоймай, Германиямен жүйелі жұмысты жолға қоя білді.

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

Әрине, мектеп бағдарламаларынан неміс тілінің алып тасталуы біз үшін үлкен шығын болды. Қазіргі уақытта жағдай бірте-бірте өзгеріп келеді.

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

Біз – «Возрождение» қазақстандық немістердің қоғамымыз. Бірталай жұмыс атқарылды. Бірақ өмір бір орнында тұрмайды. Жас буын қосылып жатыр, проблемалар, оларды шешу жолдары, адамдармен жұмыс жасау нысандары да өзгеруде. Біз ең басты мақсатымыз: неміс тілін, біздің ұлттық мәдениетімізді, ортақ тарихи жадымызды сақтау үшін алға жылжып, қызметтің және коммуникацияның жаңа технологияларын игеруге тиіспіз.

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

Қазір Қазақстанда немістер қоғамдастығын дамыту бағдарламасымен жұмыс жүргізудеміз. Осыған ұқсас Польша, Мажарстан, Ресейдің тәжірибесін зерттеп жатырмыз. Әрине, әр диаспораның шарттары әртүрлі, бірақ мақсаттары ұқсас емес пе.

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

Осы жылғы қыркүйек айының соңында «Возрождение» қоғамы құрылуының 30 жылдығына арналған ауқымды неміс фестивалін өткіздік. Бұл тек мереке ғана емес, сонымен қатар онда алдағы уақытта және бұдан арғы перспективада Неміс этносының даму бағдарламасы талқыланды.

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

«Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі ұйымдастырған неміс мәдениетінің мерекелік фестиваліне Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-ден астам қатысушы жиналды. «Wir sind zusammen 2019» фестивалі идеяларды іске асырып, армандарды орындайтын мекенге айналды.

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

Фестивальді салтанатты ашу рәсіміне мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, неміс қозғалысының ардагерлері, кәсіпкерлер шақырылды. Әртүрлі концерттерге, шеберлік кластарына, Neue Namen жас таланттар байқауына Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Германиядан келген шығармашылық ұжымдар қатысты.

Подиумдық дискуссияларға қатысқан спикерлер өзін-өзі ұйымдастыру тарихы, оның тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жылдары кезіндегі гүлденуі, еліміздегі экономиканың жекелеген салаларын, мәдени мұрасы мен ғылыми әлеуетін дамытуға республика немістерінің қосқан үлесі туралы баяндады.

Жастар зияткерлік ойындарға, таза ауадағы флешмобқа қатысу мүмкіндігіне ие болды. Ал кешке қарай бүкіл қонақтар мен қатысушылар ғаламат гала-концерттің куәгері болды. Бұл шараға фестивальдің өңірлік кезеңдерінің жеңімпаздары болған шығармашылық ұжымдар қатысты.

Фестивальді ұйымдастырушы – Қазақстан халқы Ассамблеясының, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Германия Ішкі істер министрлігінің, қалалық әкімдіктің қолдауымен, астананың өңірлік қоғамымен, республикалық неміс театрымен бірлесіп «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» қоғамдық қоры.

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

 Жаймашуақ старт

Нұр-Сұлтандағы ауа-райы көбіне, әсіресе күзде құбылмалы: біресе дауылды жел болса, біресе нөсер жауын. Бірақ биыл фестивальге қатысушылардың бағына қарай күн ашық болып, күннің нұры ашық аспаннан төгіліп тұрды. Бұл фестивальге келген әрбір адамның бойына жылылық ұялатты.

Фестивальшылар – бұл «Wir sind zusammen» атты оныншы халықаралық жобаға қатысушылар. Биылғы жылы бұл ауқымды іс-шараға өз өнерін көрсету үшін үш жүзден астам адам – Қазақстанның 15 өңірінен ондаған ұжымдар келген еді.

«Фестиваль Қазақстандағы немістердің өзін-өзі ұйымдастыруының 30 жылдығына арналады. Оның мақсаттарының бірі – республиканың неміс этносының бай мәдени мұрасын, тұрмысы мен шығармашылығын насихаттау. Неміс халқы Қазақстанды өз отаны ретінде тани отырып, өздерінің түп тамырымен байланысты үзбейді және өз дәстүрлері мен тілін де ұмытпайды»,- деп атап өтті «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігінің Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола облысындағы төрағасы, мерекені бірлесіп ұйымдастырушы Игорь Берг.

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

Жұлдыздар жарқырағанда

Екі жылда бір рет өткізілетін неміс мәдениетінің фестивалі оныншы рет ашылуда. Оны барлығы күтеді, жақсы көреді, оған сенеді. Бұл жақсылық нышанын білдіретін дәстүр. Дәл осыған ұйымдастырушылар іс-шара басталған кезде назар аударды. Ашылу салтанатындағы құттықтау сөзінен кейін қатысушылардың көркем шеруі басталды. Бұл – неміс халқының ұлттық киімдерінің әралуандығын паш ететін шеру.

Айта кететін дерек, ең жас фестивальші Яна Котосина Рудный қаласынан келген, оның жасы 5-те. Ол жақын арада «Spiegel» атты халықтық және заманауи би үлгілік ансамблінің қатысушысы атанған.

Ең егде жастағы Александра Короткова жақында 90 жасын тойлап өткен екен. Астаналық вокалдық ұжым белсендісі осы күнге дейін сахнада өнер көрсетіп жүр. Міне, осы фестивальда да қонақтар оның тамаша даусына тәнті болды.

Ашылу рәсімінің ең ерекше түрі шпрухи (орта ғасырлық неміс поэзиясының жанры – мазмұнында өмірлік ғибрат жасырынған қысқа мысал, мәтел, жұмбақ) болды. Әрбір өңірдің атынан өнер көрсеткен қатысушы ұлы Гётенің белгілі бір нақыл сөзін насихаттады.

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

 Жоңышқа гүлі – сәттілік белгісі

Нұр-Сұлтан қаласындағы Арбат – қалалықтардың сүйікті орнына айналып үлгерген алаң. Дәл осы маңда – Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында екі күнге «неміс шағын аралы» ұйымдастырылды.

Фестивальдің ашылу күні барлық қонақтардың есінде қалатын болды: алаң алдында неміс ұлттық тағамдарының жәрмеңкесі жайылды – бүкіл қатысушылар кребле, брецеля және тәтті тоқаштан дәм татты.

Алаңда серуендеп жүрген қонақтар тоқтап, көңілді неміс әндерін тыңдап, осы фестивальдің эмблемасы – «жоңышқа» гүлі бейнеленген значогы бар фройлендермен фотоға түсіп жатты.

Бұл гүлдің таңдалу себебі – немістер үшін жоңышқа гүлі сәттілік пен бақыт белгісі. Егер үш күлтесі бар жоңышқаны тез табуға болса, төрт күлтесі бар гүл таптырмас бақ (аңызға сәйкес жұмақтан қуылған Хауана өзімен жоңышқа гүлін ала кеткен дейді, сондықтан жоңышқа жұмақ гүлі болып саналады-мыс).

Ең қызығы, оны сатып алу немесе өсіру қажет емес, сәттілік үшін оны тауып алу керек екен. Сол жағдайда, сіздің жолыңыз ашылады екен. Ал сол тауып алған гүлге қызыл қоңыз қонып отырса, онда бағыңыз екі еселенеді-мыс.

- Әрбір күлтенің өз түсі бар – бұл түстер Германия мен Қазақстан туларының түстері. Ал күлтелер шеңберге орналасқан – бұл достық, келісім және бейбіт өмір нышанын білдіреді. Осы фестивальге қатысушылардың барлығы үшін бүгіннен бастап сәттілікке жол ашылады деп ойлаймын,- дейді Игорь Берг. 

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

Бес саусақтан өнер тамған

Айтпақшы, осы фестиваль аясында жоңышқа түріндегі қолөнер бұйымдарын жасап үйрену мүмкіндігі болды. Ал мұндай өнерге үйретуге еліміздің сегіз өңірінен келген қолданбалы өнер шеберлері дайын болды. Қарағанды өңірінен келген Ольга Ивкинаның үстелінің маңына көп адам жиналды. Ол фетр мен фоамиран материалынан «жұмақ нышанын» қалай жасау керек екенін үйретіп жатты.

- Енді әрбір қонақта ескерткіш ретінде қызыл қоңыз бейнеленген жоңышқа болады ,- дейді жымиып қарағандылық «Возрождение» неміс қоғамының жанындағы «Basteln» үйірмесінің жетекшісі Ольга Ивкина.

Щучинсктегі неміс қоғамының белсенді мүшесі, қолданбалы өнер үйірмесінің жетекшісі Зульфия Алесханова да өз шеберлігімен бөлісті:

- Немістер әрқашан кесте тігуді ұнатқан әрі әлі ұнатады да. Қыздар үшін кесте тігіп үйрену өте маңызды болған. Мен кейбір нұсқаларын тігіп көрсеттім. Тағы да біз бескүлтені – Христостың тууының нышанын   жасап үйрендік. Бәріне ұнады деп ойлаймын.

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

 Бейнетаныстыру

Фестивальге келгендердің бірі - алғаш рет қатысушылар болса, көбі тұрақты қатысушыларға айналып үлгерген. «Визиттік карточка» іс-шарасы қатысушыларды өзара таныстыруға бағытталған болды. Бейнероликтерде елордаға келген әрбір топ өңірлердегі неміс қоғамдарының және шығармашылық ұжымдарының қызметі туралы сыр шертті.

Бұл тапсырманы әрбір өңірдің бірегейлікпен дайындағаны байқалып тұрды: біреулері музыкаға көңіл бөлсе, екіншілері фотоларды ерекше безендірген, ал басқалары ұшқырлық танытып, барлық бейнероликті қара-ақ түсте әзірлеген. Бір сөзбен айтқанда, бәрі де қызығушылықпен танысып-білісті.

Айтпақшы, бейне таныстыру арасындағы үзілісте қонақтарды тосын сый күтіп тұрды: осы фестивальге Германиядан арнайы шақырылған Якоб Фишер өнер көрсетті. Оның есімі мен ән шығармашылығы тек Қазақстан, Ресей мен Германияда ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде де танымал.

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

 Қазақстанда да талант көп!

Фестивальдің ерекше қызықты шараларының бірі – жаңа жас таланттарды паш еткен «Neue Namen» байқауы болды. Бұл додада ерекше қабілетті, жарқын әрі талантты жұлдыздар оныншы рет анықталды. Биылғы жылы жеңімпаздарға ескерткіш-мүсін, диплом мен құрметтен өзге, халықаралық фестивальге жолдама табысталды. Жеңімпаздар Германияда өтетін халықаралық байқауда Қазақстанның немістер қоғамы атынан өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

«Neue Namen» байқауы үш номинация: вокалдық шеберлік, көркем сөз және аспаптық музыка бойынша жаңа есімдерді ашты. Ал театр қойылымдары жеке санатта (конкурстан тыс) өтті. Қатысушыларға өз өнерін паш етуге екі күн берілген болатын. Әр қатысушының бойын үрей, қобалжу, сезім билеген... Дегенмен, бәрін де сахнадан тыс қалдырып, жеңіске ұмтылу керек! Қазылар алқасының «Жоқ» деген шешімін естімес үшін, бар күш-жігерді салу керек! Мұндай мүмкіндікті қалт жіберуге болмайды!

Осы ойды түйіндеп, өзінің мықты екенін білдірген қатысушы   Екатерина Лаубер болды. Оның көркем сөзді әсерлі оқуы қазылар алқасының көңілінен шықты. Залдағы көрермендер де Гётенің «Фаустынан» Гретхеннің монологы басталған кезде, дыбыс шығармай мұқият тыңдады.  

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

- Гёте – әрине, өте күрделі жазушы, бірақ мен оның құпиясын ұғынған сияқтымын. Ең сүйікті үзіндіні таңдап, сезіммен жеткізуге тырыстым,- дейді 19 жастағы Алматы облысы Талғар ауданының тумасы Екатерина Лаубер. Катя таңдаған екінші шығарма да оның көңілінен орын алған Евгений Евтушенконың туындысы болды. «Евтушенконың шығармаларынан жұмбақ пен бірегейлік байқаймын»,- дейді Катя. Өз таланты мен шебер орындағаны үшін Екатерина Лаубер ең жоғары мараптқа – Гран-приге ие болды. Болашақ филолог-германист осы жүлдесімен тоқталмайтын сияқты. Ол келешекте жаңа белестерді бағындырмақшы. Айтпақшы, Катя өзі де кейде өлеңдер жазады екен. Ол тек шабыт болған кездері қолына қалам алады. Алматыдағы немістер қоғамына Екатерина былтыр қосылған екен. Волонтер болып, «Авангард» жобасына белсенді қатысқан. Бүгінгі таңда Германия есебінен ғылым негіздерін игеруде.

- Осы байқауда жақсы ұжымдар мен орындаушылар көп болды. Жоғары жүлдені маған берген кезде, қатты таң қалдым. Себебі менімен кәсіби деңгейде ешкім дайындалған жоқ еді, мен өзімнің білгенімше дайындалдым. Осы армандаған жүлдені алуға сенім мен шабыт көмектескен шығар,- дейді Екатерина.

«Вокал» номинациясы бойынша жүлдені Риддерден келген Юлия Юрочкина, ал «Аспаптық музыка» санаты бойынша Гран-приді Көкшетаудан келген «Matz» отбасылық ансамблі жеңіп алды.

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

 Жарқын болашақ

Қазылар алқасының төрағасы Якоб Фишер әрбір нөмер сайын таңданысын жасырмады: әрбір қатысушыға жылы сөздер тауып, олардың әрқайсысының ерекшелігіне, бірегейлігіне баса назар аударып жатты:

- Шынымды айтсам, мен бәріңізге де бірінші орын беруге дайынмын. Сіздер өз мәдениеттеріңізді сақтай білген дарынды әрі қабілетті жұлдызсыздар. Бұл өте маңызды,- деп атап өтті Фишер мырза.

Якоб Фишердің әрбір сөзі өте салмақты әрі маңызды. Ол – аты аңызға айналған тұлға. Қазақстанда неміс мәдениетінің фестивальдері міндетті түрде соның қатысуымен өтеді. Бұл шараның қайнар көзі 1980 жылы бастау алған. Яғни, Теміртау қаласында Неміс театры ашылған жылы. Ол кездері міндет біреу ғана болды: тағдыр тәлкегіне орай Қазақстанға қоныс аударған немістердің халық шығармашылығын сақтап қалу.

- 1984 жылы біз Қарағанды қаласында шағын фестиваль ұйымдастырып көрдік. Кейіннен төрт жыл өткен соң бүкілодақтық неміс мәдениеті фестивалін өткіздік. Әрине, қиыншылықтар болды, кедергілер де кездесті, бірақ біз мақсатымызға жеттік,- деп еске алады Якоб.

Неміс шығармашылық ұжымдары не туралы айтқан? Бар шығармалар арқауы Махаббат, Өмір, Отан болды...

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

Осы іс-шараға жоғары баға беріліп, 1990 жылдың қазан айында неміс мәдениетінің екінші бүкілодақтық фестивалі өтті. Жеті күн ішінде Алматы қаласында   Қазақстан мен Ресейден келген екі мыңнан астам қатысушы өнер көрсетіп үлгерді. Бұл керемет ғаламдық іс-шара болды!

- Биылғы фестиваль – өміріміздегі ауқымды әрі әсерлі оқиға. Бүгінгі таңда дарынды жастар өте көп екенін байқап отырмыз. Олардың өз мақсаттарына жетуі үшін мүмкіндіктер өте көп. Ресейлік және қазақстандық немістердің тіл мен мәдениетті үйренуге деген талпынысы қуантады,- деп атап өтті «Neue Namen» байқауының қазылар алқасының төрағасы.

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

 Оқу инемен құдық қазғандай

Кейбір ұжымдар дайындалып жатқан кезде, басқалары шеберлік кластарында дәріс алып үлгерді. Оқып-үйренем деушілерге неміс этносының мәдениеті және салт-дәстүрлеріне байланысты шеберлік кластары көзделген болатын.

Елена Ресслер - JSDR әріптестік ұйымының өкілі – Ақтөбелік референт Инна Волошинамен бірге неміс ұлттық ойындары туралы баяндап берді.

- Ойындар – бұл тек сауық қана емес. Бұл бірлік пен ұйымшылдыққа бастайтын тәсіл, сонымен қатар ұрпақтар байланысы. Байырғы заманнан немістер отбасымен жиналып, әртүрлі үстелдік және белсенді ойындар ойнаған. Ересектер жастарды адалдыққа, шыдамдылыққа, ынталылыққа тәрбиелейді. Жеңіліске дұрыс қарауды да үйретеді, – деп әңгімесін бастады Елена.

Ұлттық ойындар әсіресе гаджеттер мен Интернетке «байланып» қалған қазіргі балалар үшін өте маңызды. Айта кететін жағдай, Германияда қазіргі таңда ересектер өз балаларын ұлттық ойындар көмегімен «желілік байланыстан» ажыратып жатқан екен.

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

- Бізде егін жинау мерекесі бар – ол «Картофельфест» деп аталады. Картопты жинап болған соң немістер далада қалай ойнағанын көрсетеміз. Шынымды айтсам, бүгін бізбен бірге тек балалар мен жастар ғана емес, ересектердің де ойнағанына таң қалып отырмын,- деп ой бөлісті Инна Волошина.

Неміс этносының визиттік карточкасы – халық биі. Дұрыс қимылдау, айналу және адымдарды дұрыс басуды Тараз неміс қоғамының хореографы Ирина Цой көрсетті.

- Кімде кім билеу білмесе, түк қиналудың қажеті жоқ. Бұған үйрену өте жеңіл. Ең бастысы – өзіңнің бойыңдағы үрей мен сенімсіздіктен арылып, бірінші қадам жасау керек – сонда бәрі де қолыңыздан келетін болады,- дейді Ирина.

Бұл шеберлік класы екі бөлімде өткізілді: ең алдымен «De kolom», «Променад», «Полька ойро», «Sternpolka» сияқты билердің қимыл-қозғалысы, кейіннен басқа күрделі «па» үйретілді.

- Ешқандай қиындық жоқ. Мені таңқалдырған әжелер болды, олар еш ұялмастан барлық қимылдарды қызығушылықпен тиянақты орындап отырды. Егер менің сабақтарымнан кейін Қазақстанда жаңа би ұжымдары пайда болып жатса, мен еш таңқалмаймын,- деп күледі хореограф Ирина Цой.

Оқыту нысандары белсенді түрден баяу нысанға ауысып жатты. Мысалға, Омбы қаласынан шақырылған қонақ Евгения Гамова ресейлік немістердің қазіргі заманғы көйлектері қандай болу керектігі жөнінде мағлұмат берді.

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

- Көбіне біз ашық түсті және көркем костюмдер көреміз. Ал шын мәнінде қоныс аударып келгендердің костюмдері басқаша болған: олардың костюмі біртүсті, қарапайым үлгіде тігілген. Әйелдер көйлегін мақталы матадан немесе тоқыма матадан тіккен, ал ақ жейдесі ұзын жеңді болған және корсетінің түймесі мен баужіптері болмаған. Ресей немістерінің костюмдері әрі әдемі, әрі ыңғайлы,- деп түсіндіреді Евгения.

Теориялық білім практикамен байланыстырылып отырды: фестивальге қатысушылар қағаздан костюм жасап үйренген. Бұл ретте көп адамның бойында модельер қабілеті бар екендігі анықталды.

Немістер ең жақсы қолөнершілер екені барша қауымға белгілі. Олар балаларды жастайынан жонуға, қашауға, егелеуге үйретеді. Алматыдан келген қолөнершілер - Любовь Винтерголлер және Юлия Пылайкина өткізген шеберлік класы өте жоғары деңгейде өтті. Ағаш бөлшектерден шай үйшігін жинастыру тапсырылды.

- Бұл неміс стиліндегі классикалық нұсқа. Біз осы бөлшектерді арнайы әзірлеп, өңдеп қойдық. Енді тек дұрыс жинап, бояу қажет. Бұл шыдамдылыққа, сабырлыққа және еңбексүйгіштікке баулиды,- деп түсіндіреді Юлия Пылайкина.

Неге шай үйшігі? Өйткені осы үйшіктің ішіне немістер қалташалардағы шайды салады. Жалпы осы Шай үйшігі үстелде декор ретінде әдемілік үшін тұрады, ал шай ішкің келген кезде, ішінен қалташадағы шайды алып ішуге болады. Сонда бұл үйшік әрі әдемі, әрі пайдалы декор қызметін атқарады.

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

 Бұл тек басы ғана!

«Wir sind zusammen» халықаралық фестивалі дәстүрлі гала-концертпен аяқталды. Қонақтар үшін арнайы фото-көрме ұйымдастырылып, немістердің өзін-өзі ұйымдастыру ұйымының құрылғанына 30 жыл толуына орай деректі фильм көрсетілді.

Шарықтау және құлдырау, сенім және түңілу, табыс және болашаққа деген үміт, сонымен бірге осы бағытты өмірлік мақсат ретінде таңдаған жүздеген, мыңдаған адамдар. Осының бәріне                   30 жыл толып отыр.

- Осы 30 жылға созылған жол біз үшін оңай болмады. Бірақ біз бәріне де төзе білдік. Біздің қоғам не үшін құрылғанын анықтау қажет болды. Біз осы мақсатқа жеттік. Көп жұмыс жүргізілді, алға қойылған мақсат одан да көп,- деп атап өтті «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Альберт Рау.

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

Салтанатты жиынға Германияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тило Клиннер қатысты. Ол Қазақстанда тұрып жатқан немістер үшін осы «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» қоғамдық қорының маңыздылығын атап өтті.

ҚР Парламентінің Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божконың және Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенконың құттықтау сөздері фестивальге қатысушылардың көңілінен шықты.

- 30 жыл ішіндегі қызметі барысында Қазақстандық немістер көпұлтты мемлекеттің қалыптасуы кезеңінде өз орнын тауып, еліміздің әртүрлі салаларын дамытуға, этносаралық қарым-қатынастарды дамыту және нығайту ісіне қомақты үлесін қосты. Бүгінгі таңдағы құттықтаулардың бәрі орынды әрі еңбекпен келген табыстың нәтижесі,- деп атап өтті Леонид Андреевич.

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

Құттықтау сөздері марапаттау рәсіміне ұласты.

Мәселен, Қазақстандағы немістер қоғамдық қозғалысының ардагерлері Қазақстандағы немістердің өзін-өзі ұйымдастыруының дамуына қосқан қомақты үлесі және көп жылдық адал еңбегі үшін «Возрождение» айрықша төсбелгісімен марапатталды. Награда алғандар қатарында: Иван Сартисон, Владимир Ауман, Вильгельм Франц, Владимир Баумейстер, Лео Шик, Иосиф Бахман да бар.

Ал гала-концерт соңында неміс мәдениетінің X халықаралық фестивалінің қатысушылары диплом, алғыс хаттар мен ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.

Қазақстандағы неміс қоғамдарының өкілдері шырқаған ән фестивальдың соңғы нүктесі іспеттес болды. Осы әнді қол ұстасып шырқаған қатысушылар мызғымас бірлік пен ынтымақтастық нышанын білдірді. «Wir sind zusammen»! Неміс мәдениетінің келесі XІ халықаралық фестивалінде кездескенше!!!

Сөз соңында айта кететін жағдай, неміс қоғамы елімізде қалыптасқан ең бірінші қоғамдардың бірі болып табылады, әрі жұмыс нысандары бойынша ең бірінші орындардың бірінде. Елордада Неміс мәдениетінің күні 1-ші маусымда атап өтілген болатын, өйткені «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі тек астанада ғана емес, бүкіл ел бойынша ең беделді этнобірлестіктердің бірі болып саналады.

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

«Шығармашылық ұжымдар, Неміс жастар клубы және Этнолингвистикалық мектеп ұрпақтар үндестігінің және қазақстандық ұлтжандылықты тәрбиелеудің нағыз мектебіне айналған. Жұмыстың жаңа әдістері мен нысандары қоғамдық бірлестік қызметін ұйымдастыру үлгісі болып табылады. Сіздер белсенді қызмет пен жұмыстан жалықпаушылық арқасында азаматтық қоғамды дамытуға, сондай-ақ біздің ортақ үйіміз - Қазақстанда бейбіт өмір мен келісімді нығайтуға қомақты үлес қосып келесіздер»,- деп жазылған Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің құттықтау хатында.

Сонымен қатар, атап өту керек, «Возрождение» неміс қоғамының жанында Жексенбілік мектеп 20 жыл қатарынан жұмыс істеп келеді, «Wunderkind» атты мектепке дейінгі білім беру орталығынан 7-ші рет түлектер шығарылған, ал «Диамант» атты театр студиясы 10 жылдығын атап өтпекші.

Материалды әзірлеу кезінде "Возрождение" Қазақстан немістерінің бірлестігі" Қоғамдық Қорының ақпараттары пайдаланылды.

«Возрождение» қоғамына - 30 жыл: Неміс мәдениетінің мерекелік фестивалі

Бөлісу:

Материалды әзірлеген Әсем Жұмабекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.


Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға