Volkswagen Golf пен Tiguan модельдерін шығармайтын болды: себебі анықталды
Volkswagen автоконцерні Nexperia компаниясына байланысты туындаған түсініксіз жағдайға байланысты кейбір автокөлік модельдерінің өндірісін уақытша тоқтатуға дайындалуда. Бұл туралы Bild басылымына сілтеме жасай отырыпы El.kz интернет порталы хабарлады.
Басылым мәліметінше, ең алдымен Golf моделі өндірісі тоқтатылады, кейін Tiguan моделі де шығарылмайтын болады. Қазіргі жартылай өткізгіштер қоры зауыттардың қалыпты жұмысында бір аптаға ғана жетеді, сонан соң компания конвейерді тоқтатуға мәжбүр болмақ.
Зауыттың тоқтауы концерн үшін ауыр соққы, себебі Volkswagen қазірдің өзінде қытайлық өндірушілердің бәсекесі мен АҚШ-тың жоғары баж салығына төтеп бере алмай отыр.
Компания қызметкерлерді уақытша толық емес жұмыс режиміне көшіруді жоспарлауда, бұл ондаған мың адамға әсер етуі мүмкін. Volkswagen өкілі басылымға берген мәлімдемесінде концерн жартылай өткізгіштер нарығындағы жағдайды қадағалайтынын және «жақын аралыққа жеткілікті өндірістік қордың бар екенін» айтты.
Nexperia компаниясы қытайлық Wingtech концерніне тиесілі және Еуропаның автомобиль өнеркәсібі мен тұрмыстық электроникасына микрочиптер шығарады.
Бұған дейін Қытайдағы ең танымал көліктердің тізімі туралы жазғанбыз.

