Жаңалықтар

Волейболды отырып ойнау: Қазақстан құрамасы Паралимпиаданың жартылай финалына шыға алмады

Волейболды отырып ойнау: Қазақстан құрамасы Паралимпиаданың жартылай финалына шыға алмады
Фото: t.me/mediaparis2024 02.09.2024 18:39 500

Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Мысырдан 1:3 есебімен жеңілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Паралимпиада комитетінің мәліметінше, бірінші сетте Қазақстан 21:25 есебімен жеңілді, екінші сетте 23:25 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды. Үшінші сетте Қазақстан құрамасы 25:16 есебімен жеңіске жетті. Алайда төртінші сетте Қазақстан 18:25 есебімен ұтылып, матч нәтижесінде 1:3 есебімен Мысырға есе жіберді.

Айта кетейік, Паралимпиада ойындарында сегіз команда қатысып, олар А және В топтарына бөлінген. Әр топтан жартылай финалға үздік екі команда шығады.

Бұған дейін А тобының топтық кезеңінде Қазақстан құрамасы Францияны 3:2 есебімен жеңіп, Босния және Герцеговина командасына 3:1 есебімен жеңіліп қалған болатын. Босния және Герцеговина құрамасы Египетті жеңіп, жартылай финалға шығуға мүмкіндік алды. Ал Мысыр құрамасы Франция мен Қазақстанды жеңіп, А тобынан жартылай финалға шықты.

В тобында Иран құрамасы Бразилия мен Украинаны жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, ал Германия құрамасы Украина мен Бразилиядан басым түсіп, жартылай финалға шығу мүмкіндігін нығайтты.

Енді құрама команда Паралимпиада ойындарының бесінші орны үшін таласты жалғастырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға