Көлік полицейлері Қазалы вокзалында ұсақ бұзақылық жасаған төрт адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, олар 26 және 27 жастағы Қызылорда облысының төрт тұрғыны болып шықты.
Оқиға Қызылорда облысы Қазалы станциясының теміржол вокзалының перронында орналасқан дәмханада болған. Тексеру барысында белгілі болғандай, ер адамдар сыра сатып алғылары келген, алайда оны сатудан бас тартылғаннан кейін, олар вокзал маңында орналасқан дәмхананың есігін тепкілеп, қызметкеріне қатысты балағат сөздер айтқан, - делінген мәліметте.
Құқық бұзушылар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен әрқайсысына 20 АЕК (73 840 теңге) айыппұл салынды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

