Жаңалықтар

Владимир Путин Астанаға келді

Владимир Путин Астанаға келді
Фото: primeminister.kz 03.07.2024 09:23 691

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді әуежайда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.
 
ШЫҰ-ны 2001 жылы алты мемлекет — Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрған. Кейінірек бірлестікке Иран, Үндістан және Пәкістан елдері қосылды.

5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5%-ға өсіп, $66 млрд құрады. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі $19,1 млрд құрады. Осы кезеңде ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы $7,4 млрд құрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға