Жаңалықтар

ВЛАДИМИР БОЖКО: 2019 ЖЫЛЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСКЕ САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАЛАДЫ

ВЛАДИМИР БОЖКО: 2019 ЖЫЛЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСКЕ САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАЛАДЫ
20.12.2018 12:01 2375

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығының «Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асырудағы ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының бес бастамасы» форумында Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко бизнесті қолдау үшін қабылданып жатқан іс-шаралар туралы баяндады.

Қазіргі уақытта бизнесті және сауда қызметін қолдау туралы заң Парламентте қаралуда.

Владимир Божко атап өткендей, маңызды құралдар жасақталды, енді оларды меңгеру қажет, өйткені «барлық қауымдастықтар мемлекеттің шағын және орта бизнеске арнаған құралдары туралы біле бермейді».

Ол Парламентте жеке бизнесті ынталандыру бойынша Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттерді шешу призмасы арқылы 2019-2021 жылдарға арналған Үкімет бюджетіне өзгерістер енгізілгенін хабарлады.

Атап айтқанда, Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобының мүшесі түсіндіргендей, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы 2025 жылға дейін ұзартылды. 2019 жылғы қаңтарда шағын және орта бизнеске салықтық рақымшылық жасалады.

Владимир Божконың айтуынша, өңдеуші өнеркәсіпті және шикізаттық емес секторды қолдауға, ұлттық валютаның ұзақ мерзімді өтімділігін ұсынуға, аграрлық секторды дамытуға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыруға қаражат бөлінді.

2019-2021 жылдар аралығында бизнесті қолдау міндеттеріне 938 млрд теңге, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға – 300 млрд теңге, өңдеу саласын дамытуға – 190 млрд теңге, ШОБ дамытуға – 90 млрд теңге және жалға берілетін тұрғын үй құрылысына-30 млрд теңге бөлу жоспарлануда.

Нұргүл ШАТЕКОВА color:#3B3C3C">

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз. color:#3B3C3C">

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға