Жаңалықтар

Вице-министр Шымкент МӨЗ-дегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

Вице-министр Шымкент МӨЗ-дегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты
Фото: ҚР ЭМ 22.07.2023 22:11 786

«ПКОП» ЖШС-ның Шымкент МӨЗ-не жұмыс сапарымен ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов келді. Бұл туралы ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сапар барысында энергетика вице-министрі мұнай өңдеу зауытының жұмысымен танысып, зауыт қызметкерлерімен кеңес өткізді.

Жиында қатысушылар жұмыс жоспарын талқылады және ҚР Энергетика министрлігі тарапынан зауыттың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бөлігінде одан әрі іс-қимыл жоспары бойынша ұсынымдар берілді.

Қазіргі уақытта зауытта бензиндердің каталитикалық риформинг қондырғысында пластиналы жылу алмастырғышты қосу бойынша операциялар жүргізіліп жатыр. Осы операцияны орындау үшін мұнайды бастапқы өңдеу, дизель отынын және авиациялық отынды гидротазарту қондырғылары ыстық айналымға ауыстырылды.

Мазутты терең өңдеу кешені штаттық режимде жұмыс істеп тұр, автобензин мен дизель отын шығаруда, мұнай өнімдерін тиеп-жөнелту өтінімдерге сәйкес жүзеге асырылып жатыр.

Зауыт басшылығының ақпараты бойынша пластиналы жылу алмастырғышты жұмысқа қосу бойынша операциялар 23 шілдеде аяқталады, содан кейін 24 шілдеде қалыпты технологиялық режимге шығарылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға