Жаңалықтар

Вице-министр әскердегі өлімді азайту үшін «ақылды» камералар керектігін айтты

Вице-министр әскердегі өлімді азайту үшін «ақылды» камералар керектігін айтты
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 27.07.2023 16:47 735

Әскердегі өлім мен әлемжеттікті азайту және анықтау үшін бейнабақылау камераларының шамасы жетпей жатыр. Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, «Сергек» сияқты «ақылды» бейнебақылау камераларды орнату қажет.

Қазіргі әскердегі бейнебақылау камералары сауда орталықтарындағыдай жұмыс істейді. Камераны арнайы тексеріп шыққан кезде ғана құқық бұзушылықтарды анықтауға болады. Жасанды интеллект элементтерін атқаратын функциясы жоқ. Адам құлап қалғанда, топ адам бір жерге жиналып қалғанда, ол туралы ақпарат бермейді немесе күзетіп тұрған адамдардың біреуі орнында жоқ деген сияқты. Жасанды интеллектке қатысты функциясы бар камера болса, басшылық құрамның, күзетіп тұрған офицерлердің орнында бар-жоқтығын тексеруге болар еді, - деді ол.

Оқи отырыңыз:

Оның сөзінше, Face-ID арқылы анықтайтын жасанды интеллект фукциясы бар бейнекамералар биылдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мұның барлығы әскердегі әлімжеттікті тоқтату үшін жасалып отыр. Биылғы бюджеттен ақша бөлсе, биыл жүзеге асады. Ақша жоқ болса, келесі жылға жоспарланады, - деді ол.

Ал Бауыржан Артықовтың айтуынша, бейнебақылау камералары мониторингтік топпен үнемі тексеріліп отырады. Осындай тексерістер кезінде бірнеше құқық бұзушылық анықталған. Әскерде борышын өтеп жатқандардың жарақат алуы сияқты жағдайлар болған. Бұл жайттар туралы ақпарат әсери полицияға жіберілді. Олар қажетті іс-шараларды қабылдады.

Бейнебақылау камералары күн сайын тексеріледі. Бұл камералардың әскери бөлімдегі тәртіпті бақылауына мүмкіндік береді, - деді ол.

Бірақ Дархан Ахмедиев әскердегі тәртіпті жоғары деңгейге көтеру үшін «ақылды» бейнебақылау камералары қажет екенін айтты.
Еліміздегі әскери мекемелерде мерзімді қызмет сарбаздарының күнделікті қызметін жалпы бақылайтын 50 мыңға жуық бейнебақылау камерасы бар. Бейнесараптаманың заманауи технологиялары бейнематериалдың ауқымды көлемін өңдеуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты ҚР ҚМ қазіргі уақытта бейнесараптама жүйесін енгізуде. Бұл құқық бұзушылықтарды, жарғылық емес қатынастарды уақытында тоқтатуға, өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерін болдырмауға және бөлімді өз еркімен қалдыруға мүмкіндік береді. Бұл жүйе камераларды талдайды және оларда жоғарыда аталған оқиғалар анықталған жағдайда, кезекші күштерді нақты бөлімде ғана емес, сонымен қатар жоғары тұрған жедел қызметтерде де жедел хабардар етеді, - деді вице-министр.

Сондай-ақ аналитикалық деректер оларды күнделікті қызметте қолдануға мүмкіндік береді: әскери техниканың, әскери құрамның қозғалысы бақыланады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға