Жаңалықтар

Витрувиан адамы туралы не білеміз?

Витрувиан адамы – Леонардо да Винчидің 1490-1492 жылдары Витрувий еңбектеріне арналған иллюстрация ретінде салған суреті.
30.10.2015 11:23 6890

Витрувиан адамы – Леонардо да Винчидің 1490-1492 жылдары Витрувий еңбектеріне арналған иллюстрация ретінде салған суреті. Ол суретте бір жалаңаш ер адамның екі түрлі күйде тұрғаны бейнеленген: біреуінде қолын жанына қарай, екіншісінде қолымен керіп тұр.

 Витрувиан адамы туралы не білеміз?

Сурет салуда қауырсын, сия, акварель және металл қарындаш қолданылады. Өлшемдері: 34,3 х 24,5 сантиметр. Қазіргі таңда сурет Венециядағы Академия галереясында тұр.  

Витрувиан адамы – әрі ғылыми еңбек, әрі өнер туындысы.

Өз журналдарының бірінде Леонардо суретпен бірге түсініктеме жазбалар да берген.  Сурет пен мәтінді кейде пропорция ережелері деп те атайды. Суретті зерттей келе, қолдар мен аяқтардың комбинациясы шын мәнісінде төрт күйді көрсететінін аңғаруға болады. Екі қолды жанға жіберіп, аяқтарын бірге ұстап тұрған күй квадраттың ішіне сыйып тұр. Ал қолдарын керіп, аяғын ашық ұстап тұрған күй шеңбердің ішіне сыяды.

Леонардоның жазбаларына сәйкес, бұл сурет адам (ер адам) денесінің пропорцияларын анықтау үшін салынған. Оған антикалық архитектор Витрувийдің «Архитектура туралы» трактаты арқау болған.

Ұзындықтары бойынша: 

  • төрт саусақтың ені алақанға,
  • төрт алақан табанға,
  • алты алақан шынтаққа,
  • төрт шынтақ (сәйкесінше, 24 алақан) адам бойына,
  • адамның адымы төрт алақанға,
  • адамның құлашы оның бойына,
  • шаштың түбірінен иектің ұшына дейін аралық адам бойының 1/10 бөлігіне,
  • адамның төбесінен иегіне дейінгі аралық бойының 1/8 бөлігіне,
  • адамның төбесінен емшегіне дейінгі аралық бойының 1/4 бөлігіне,
  • иықтың ұзындығы бойының 1/4 бөлігіне,
  • шынтақ пен саусақтардың ұшына дейінгі аралық бойдың ¼ бөлігіне,
  • шынтақ пен қолтықтың арасы бойдың 1/8 бөлігіне,
  • қолдың ұзындығы бойдың 2/5 бөлігіне,
  • иек пен мұрынның аралығы адам бетінің ұзындығының 1/3 бөлігіне,
  • шаш пен қастың арасы адам бетінің 1/3 бөлігіне,
  • құлақтардың ұзындығы адам бетінің 1/3 бөлігіне тең.

Ал адам кіндігі – шеңбердің ортасы.

XV ғасырдағы адам денесіндегі математикалық пропорциялардың қайта ашылуы италиялық ренессанстың алғышартына айналған ұлы жаңалықтардың қатарына енді.

Өнер сымбаттылыққа, ұйқастыққа және гармонияға ұмтылады. Біз оларды архитектуралар мен мүсіндердегі пропорциялардан, бұйымдар мен фигуралардан, көркем суреттердегі түстердің үйлесімінен, поэзиядағы ұйқастан таба аламыз. Бұл қасиеттерді адам ойлап тапқан жоқ. Оларды табиғаттың өзі жасады. Осындай пропорциялардың бір түрі өнер саласында жиі кездеседі. Оның аты – «алтын кесік». Алтын кесік ежелгі кезеңде де қолданылған. Мысалы, Евклидтің «Бастама» кітабында ол бес- және онбұрыштарды жасауда пайдаланылған. Аталмыш «Алтын кесік» терминін Леонардо да Винчи енгізген.  


Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға