Витаминдер мен БАД-тар қатерлі ісікке себеп бола ма?
Соңғы жылдары көпшілікті мазалап жүрген сұрақтардың бірі – түрлі дәрумендер мен биологиялық белсенді қоспалар (БАД) қатерлі ісік жасушаларын қоздырып, аурудың туындауына себепші бола ма? Бұл сұрақ әлеуметтік желілер мен халық арасында жиі талқыланып, кей жағдайда үрей туғызуда. El.kz интернет порталының тілшісі осыған байланысты маманның пікірін білді.
Бұл мәселе көпшілікті алаңдатып жүргені рас. Дегенмен эндокринология саласының білікті маманы, дәрігер Гүлжан Аманбай бұл пікірдің шындыққа жанаспайтынын нақты айтты.
БАД немесе витаминдер рак жасушаларын оятпайды. Керісінше, ағзаның қорғаныш қабілетін арттырып, иммундық жүйені нығайтуға көмектеседі, – дейді маман.
Оның айтуынша, қатерлі ісікке шын мәнінде әсер ететін негізгі факторлар мүлде басқа:
Рак жасушаларының туындауына не себеп болады?
- Қантты шамадан тыс тұтыну.
- Қант – рак жасушалары үшін «қорек». Оның көп мөлшері жасушалардың тез бөлінуін ынталандыруы мүмкін.
- Созылмалы күйзеліс
- Ұзақ уақыт басылмаған ішкі күйзеліс иммундық жүйені әлсіретіп, қатерлі өзгерістерге жол ашады.
- Қозғалыстың аздығы (гиподинамия).
- Отырықшы өмір салты зат алмасудың бұзылуына, ішкі майдың жиналуына алып келеді.
- Тазартылмаған және улы тағамдар.
- Энергетик сусындар, тәтті газдалған сусындар, консерванттар мен бояғыштарға толы химиялық өнімдер – бұлар ағзаға қауіпті.
- Майлы, ауыр тағам мен артық салмақ.
- Ішкі май (висцералды май) мен семіздік – гормондық тепе-теңдікті бұзып, қатерлі ісік жасушаларының ұлғаюына ықпал етеді.
БАД пен витаминнің рөлі қандай?
Дәрігердің айтуынша, дұрыс таңдалған және қажетті мөлшерде қабылданған витаминдер мен БАД-тар:
- Ағзаның жалпы қорғаныс қабілетін арттырады;
- Қалқанша без, бауыр, ішек жолдары секілді маңызды жүйелердің жұмысын жақсартады;
- Күйзеліс пен шаршау деңгейін төмендетеді;
- Қалпына келу процестерін тездетеді, әсіресе операция немесе химиотерапиядан кейін.
Ағзаның өзін өзі қалпына келтіру қабілеті мықты болғанда ғана, қатерлі ісікке қарсы тұру мүмкіндігі артады. Ал бұл үшін иммунитет күші қажет. Витаминдер мен сапалы БАД – осы жолдағы көмекші құрал ғана. Олар зиян емес, – дейді Гүлжан Мұратханқызы.
Витаминдер мен БАД-тар қатерлі ісіктің тікелей себебі емес. Керісінше, дұрыс өмір салтымен қатар қолданылса, олар ағзаны күшейтуге көмектеседі. Ал қатерлі ісік жасушаларының «оятушысы» – дұрыс емес тамақтану, артық қант, күйзеліс, уақтылы ұйықтамау, қозғалыссыздық және химиялық зиянды өнімдер.
Көптеген адамдарда D дәруменінің тұтынылу деңгейі жоғары емес, бірақ бұл оны жеткіліксіз алып жатырмыз деп үрейленудің қажеті бар дегенді білдірмейді. Есіңізде болсын, кез келген қоректік затты, соның ішінде D дәруменін шамадан тыс тұтыну уытты әсерлерге әкелуі мүмкін.
D дәруменінің тым көп мөлшері зиянды болуы мүмкін, өйткені ол ағзадағы кальций деңгейін жоғарылатып, кальцинозға (бүйрек, жүрек немесе өкпе секілді жұмсақ тіндерде кальций тұздарының жиналуы) және гиперкальциемияға (қандағы кальций деңгейінің жоғарылауы) әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар кейбір әсіресе семіздікпен ауыратындарда, терісі қара түсті адамдарда және 65 жастан асқандарда D дәруменінің деңгейі төмен болуы мүмкін. Бұл тамақтану әдеттеріне немесе күн сәулесіне аз шығуына байланысты болуы ықтимал.
Егер сізде D дәруменінің жетіспеушілігіне қатысты күмән туындаса, дәрігермен кеңесіңіз. Ол қарапайым қан талдауы арқылы қандағы D дәруменінің деңгейін анықтай алады.
D дәрумені мен қатерлі ісік арасындағы байланыс
Қазіргі уақытта медицина саласында D дәрумені мен қатерлі ісік арасындағы байланыстың нақты дәлелі жоқ. Кейбір зерттеулерде D дәруменінің жетіспеушілігі сүт безі қатерлі ісігінің, тоқ ішек қатерлі ісігінің және тіпті лимфоманың даму қаупін арттырумен байланысты деп көрсетілген.
Endocrinology журналында жарияланған зерттеуде D дәрумені жетіспейтін әйелдерде сүт безі қатерлі ісігінің басқа мүшелерге таралу (метастаз) қаупі жоғары екені айтылған.
Дәрігерлердің айтуынша, зерттеулер жалғасуда. Алайда D дәруменінің төмен деңгейі мен қатерлі ісік аурулары арасындағы байланысты нақты анықтау қиын. Бұл ағзадағы дәрумен деңгейінің өзгеріп тұруына және диеталық зерттеулер күн сәулесі арқылы алынатын D дәруменінің мөлшерін нақты есептей алмайтынына байланысты.
Бад-тар соның ішінде, «D дәрумені қатерлі ісікке себеп болады ма?» бұл көпшілікті мазалайтын сұрақ және мамандар ғылыми ортада да толық біржақты жауап жоқ екенін айтады. D дәрумені көбіне қатерлі ісікке себепкер емес, керісінше, кейбір зерттеулерде оның қатерлі ісіктің даму қаупін төмендетуі мүмкін екені айтылады. Бірақ бұл әлі де толық дәлелденбеген.

