Жаңалықтар

ВИТАЛИЙ ТВАРИОНАС: БОЛАШАҚ ЖОСПАРЛАР БЕЛГІЛЕНДІ – ОЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫН ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ АЙҚЫНДАП БЕРДІ

ВИТАЛИЙ ТВАРИОНАС: БОЛАШАҚ ЖОСПАРЛАР БЕЛГІЛЕНДІ – ОЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫН ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ АЙҚЫНДАП БЕРДІ
29.04.2019 00:00 1917

 

XXVII сессияда Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа орынбасарларды тағайындады.

ҚХА басшысының орынбасары қызметіндегі бір жылдағы жемісті жұмысы үшін «Lituanica» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Виталий Тварионасқа алғыс айтылды. Ол осы лауазымдағы өз тәжірибесімен бөлісіп, алдағы жылға жоспарларымен бөлісті.

«Бір жыл өте жемісті болды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алдымызға қойған міндеттерін лайықты атқарғанымды мақтан тұтамын. Мен байтақ еліміздің барлық аймақтарында болғаныма қуаныштымын. Елбасының беделі мінсіз. Бізді барлық өңірлерде ерекше қарсы алып жатты. Жастар осы жыл Жастар жылы деп жарияланғанына ерекше риза және де мұның өз әлеуеті бар, жастар тек осы жылы ғана емес, сонымен қатар болашақта да жүзеге асыратын міндеттер бар», – деді спикер.

Ол сондай-ақ халықаралық қарым-қатынаста қазақстандықтарға үлкен көңіл аударылатынын және біздің дамып келе жатқанын әлем көріп отырғаны жөнінде айтып өтті.

«Шетелге шыға отырып, мен біздің Ассамблеямыз қалай өмір сүріп, еңбек етіп жатқанымызды, қандай жұмыстар атқарылып жатқанын хабардар еттім. Еуразия халықтарының Ассамблеясында кейбір жобалар мен Елбасының жоспарларымен таныстырдым», – деп атап өтті В. Тварионас.

Алдағы жылға арналған жоспарлар туралы спикер оларды Мемлекет басшысы әлдеқашан айқындап бергенін, 2050 жылға дейін жоспарланған жобалар жалғасатынын атап өтті.

«Бізде тұрғын үй мен білім беруге, елімізді газдандыруға қатысты реформалар өте көп. Сол жобаларды жүзеге асыратын боламыз және Қазақстан халқы Ассамблеясы осы іс-шараларға белсенді қатысады. Ең бастысы — біздің бірлігімізді, Қазақстанның көпұлтты бірлігін сақтау», –деді «LITUANICA» қоғамдық бірлестігінің басшысы.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға