Виктория Графеева әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
16.03.2025 23:08
Фото:
Спортты дамыту дирекциясы
Сербияның Ниш қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Виктория Графеева күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Виктория Графеева финалда ресейлік Нунэ Асатрянмен өзара мықтыны анықтаған болатын. Алайда кездесу нәтижесінде төрешілердің шешімімен Нунэ Асатрян басым түсті.
Бұған дейін Назым Қызайбай (48 кг) мен Алуа Балқыбекова (50 кг) әлем чемпионы атанған болатын. Оның ішінде Назым Қызайбай ел тарихында тұңғыш рет бокстан әлем чемпионатында топ жарған спорт ретінде рекорд орнатты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

